Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Қазақы ақбас тұқымды 120 бас ірі қара сатып алды»: Ауылдағы ағайынның кәсібі

4 наурыз 2025
РУХАНИЯТ
"Қазақы ақбас тұқымды 120 бас ірі қара сатып алды": Ауылдағы ағайынның кәсібі
WhatsAppTelegramFacebook

Алмалы ауылының тұрғыны Қайрат Ерғалиев мал басын көбейтіп, өз кәсібін дамытып отырған жандардың бірі. Қайрат Серікқанұлы ырыс-несібенің бәрі малда екендігін ерте ұқты. Содан да болар, мал шаруашылығына құмартып өсті. Үйдің үлкені болғаннан кейін өзіне артылған жауапкершілік жүгін арқалап келеді. 

– Әкем Кеңес үкіметі уақытында тері мен жүн қабылдайтын дайындаушы болды, ал шешем сауда орталықтарында сатушы қызметін атқарды, – дейді Қайрат ағамыз. Өзі І. Жансүгіров атындағы ЖУ-ді бітірген, мамандығы мұғалім. Мамандығы бойынша жұмыс істеген жоқ. Себебі ауылда өсіп-өнгеннен кейін егін егіп, қара жердің қайтарымын алды. Бүгінде суармалы  40 гектар, тәлімі 9 гектар алқапты тиімді игеруде.  Тал-Тал учаскесіндегі 3000 гектар жайылым жер оның еншісінде. Кейінгі жылдары ол малмен айналысуға ден қойды. 2015 жылы жайылымын, қоражайын сайлап, 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы Семей өңірінен қазақы ақбас тұқымды 120 бас ірі қара сатып алды. Сол жылдан бері мал шаруашылығымен мықтап айналысты. Шаруа қожалығының «Асылтұқымды» мәртебесі бар. Биыл да мал басын көбейтейін деп «Аграрлық несие корпорациясынан» 100 бас асыл тұқымды сиырға қаражат алып, жайылымға қосты. Қоражайда 59 бас бұзауы, ересегі аралас  ірі қара жүр. Осы малдардың еркегін өзге шаруашылықтар мал тұқымын асылдандыру үшін алады. 

Қожалық жетекшісінің айтуынша, жұмысшыларға қажетті жағдай жасалған. Уақытында жалақысын алады. Шаруашылық басшысының алға қойған мақсаты да көп. Шаруашылықты одан әрі дамытып, асыл тұқымды мал басын молайтуды жоспарлап отыр. Кәсіптің көзін тапқан жанның қазіргі тіршілігі көпке үлгі. Зайыбы Назгүл екеуі жеті баланы өмірге әкелген үлгілі отбасы. Үлкен ұлы Нұрлан  қазіргі таңда Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университетінде оқиды. Болашақ зоотехник. Оқуын тамамдағаннан кейін сүт өндіру бағытында жұмыс істемек ойы бар. Әкесіне ақыл-кеңес беріп, білгенімен бөлісіп жүреді. Қайрат ағамыздың айтуынша, тұқымдық ірі қара малды қажет адамдар Instagram желісіндегі  «aqbas_tuqymy»  парақшасына кіріп, алатын малдарына тапсырыс береді.  

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жас мергендер жүлделі оралды

Жас мергендер жүлделі оралды

Бүгін, 14:00
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.