Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Бағбандардың еңбегі еселенуде

3 қазан 2024
РУХАНИЯТ
Бағбандардың еңбегі еселенуде
WhatsAppTelegramFacebook

«Алма кетті домалап, көше бойын жағалап»… Осы шумақ негізі алманың отаны саналатын Жетісу өңірінен шықса керек. Өйткені, жеті өзеннен нәр алған топырақтағы тау біткеннің тұла бойына алма дегенін тұтаса шыққан. Оның үстіне алма тегіс жерде домаламайды, тек тау бөктерінен ылди іздейді. Бір негізге екіншісі егіз дегендей, жетісулық бағбандар алма өсіру мен одан өнім жинауды жыл сайын арттырып келеді. Биыл өңірде 28 мың тоннадан астам жеміс жиналса, оның 16,2 мың тоннасы бақ өсірген ағайынның өнімі.

Қазір Текелі қаласында 126 гектар бақ бар. Мамандардың айтуынша, осынша жерге бақ орналастыруға бірден-бір себеп – табиғаттың климаттық қолайлылығы. Орайлы жағдайды «Алма-Дария» шаруа қожалығы да тиімді пайдалануда. Қожалық қызметкері Камиля Әкежанованың айтуынша, 1500 түп жеміс ағашы бар бақ өсіру қызығушылықтан туған.

 – Жеміс ағашын өсіруге 2013 жылы кірістік. Алматы қаласынан көшеттерді әкеп отырғыздық. Қазір бақта апорттың екі түрі, Золотое превосходное, Талғар кандилі, Восход, Алматы синапы және басқа да алма түрлері өсіп тұр. Негізінен біздің бақты жас деуге болады. Өйтетұғын өз жөні бар, кейбір ағаштар 6-8 жылда жеміс береді. Біз бақтан екі мәрте өнім алып отырмыз. Былтыр табиғаттың тосын мінез танытуынан гүлдеп тұрған ағаштар жеміс бермеді. Биыл өнім мол. Алма сақтайтын шағын қоймамыз бар. Жыл өткен сайын өнімділік артуда. Осы орайда үлкен қойма салуды жоспарлап отырмыз. 3,5 гектар бақтан алынған өнімді Алматы, Талдықорған және Өскемен қалаларына сатуды жолға қоямыз, – дейді

Қазір бақты күтіп-баптау 4 қызметкердің мойнында. 4 жылдан аса жұмыс істеп жатқан Анна Тыченко бағбандықты әбден меңгерген. Әсіресе, жеміс ағашының зиянкестерімен күресті жүйелі жүргізбесе, мол өнім алуды армандамау керек екен.

 – Биыл ағаштардың бұталары жерге «салып» тұр. Себебі өнім мол. Мұндай нәтижеге еселі еңбектің нәтижесінде жетіп отырмыз. Жыл бойы ағаштың зиянкестерімен күрес жүргіземіз. Жас ағаштарға түрлі паразиттер өш келеді. Оның үстіне жеміс ағаштарының аурулары да көп. Жаздай түбіндегі топырақты құнарландырамыз. Бірақ, химикаттар берілмейді. Өйткені, табиғи таза өнім алуымыз керек, – дейді Анна Тыченко.

Жалпы, өңірде алма ағашы өнімді мол беруде. Көктемде алма атаулының атасы саналатын Сиверс алмасының да гүлдеуі бес балдық көрсеткішке жеткенін сүйіншілей жазғанбыз. Мұндай гүлдеу соңғы бірнеше жылда байқалмады. Өңірде Сиверс алмасының қорын молайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық паркінің қызметкерлері биыл 30 гектарға жас көшеттер отырғызды.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.