Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БАЛА БОЙЫНДА АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚ АЗ БОЛСА, ЖИҒАН БІЛІМІНЕН ПАЙДА ЖОҚ

16 мамыр 2021
РУХАНИЯТ
БАЛА БОЙЫНДА АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚ АЗ БОЛСА, ЖИҒАН БІЛІМІНЕН ПАЙДА ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Еш уақытта да маңызын жоймайтын өзекті мәселенің бірі – бала тәрбиесі. Өйткені, баланың болашақ тағдыры, еліміздің ертеңі осы жас ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан, «баланы бастан» демекші, сәбиді енді оң-солын тани бастаған сәттен жақсы үлгі-өнегеге баулудың маңызы зор.

Әлемнің екінші ұстазы, ғұлама ғалым, ойшыл әл-Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», — деп білімнен бұрын тәрбиенің маңызды екенін алға тартқан. Бұл білімнің қажет еместігін немесе екінші орында қалып қоятынын білдірмейді, керісінше, баланы жақсы тәлім-тәрбиеге баулып, одан соң білім берсе, оның жемісті болатынан көрсетеді.

Егер адамның бойында адамгершілік құндылықтар аз болса, ол бойына жинаған білімінен жан-жағына шуақ шаша алмайды, Өз мақсат-мүддесіне ғана пайдаланып, одан қоғамға белгілі бір дәрежеде зиян келуі де мүмкін. Білім алдыңғы орынға шығып, тәрбие кейіндеу қалып қоятын болса, бұл адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуына айтарлықтай кері әсерін тигізіп те жатады. Сондықтан да отбасынан бастап тәрбие діңі дұрыс қаланып, ол мектепте жалғасын тапқаны жөн. Ата-ана да, ұстаз да тәрбиеге жете көңіл бөлгенде ғана ол жемісті нәтиже береді.

Жастайынан жақсы үлгі-өнегені бойына сіңіріп өскен бала өскенде де жаман әдет-қылыққа бармайды. Барлық мәселені өзінің адамгершілік құндылықтары негізінде өлшеп, шектен асып, таспай, салмақтап, таразылап шешеді. Тәрбиелі адамның айналасына шашар шапағаты да мол болады.

Тәрбиенің орны қашанда бөлек. Ол өнегелі де ұлағатты сөз­бен, үлгі көрсетумен, бағыт-бағ­дар берумен, жол көрсетумен көрініс табады. Ұстаз ретінде тәрбие мен білімді қатар алып жүріп, оқушыны жақсы әдет-қылыққа, адамгершілік қасиеттерге, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас орната білуге баулу міндетіміз. Тәрбие дұрыс берілгенде ғана балаларымыздың болашағы нұрлы болмақ.

Қарлығаш ИСАХАНОВА,

М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы,

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.