Талдықорған: +20°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ: «БҮКІЛ ҚАЗАҚ БІР АТАДАН ТАРАҒАН ХАЛЫҚПЫЗ»

06.03.2021
РУХАНИЯТ
БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ: "БҮКІЛ ҚАЗАҚ БІР АТАДАН ТАРАҒАН ХАЛЫҚПЫЗ"
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бексұлтан Нұржеке-ұлы 80 жасқа толды. Осыған орай жер жаннаты Жетісудың зиялы қауым өкілдері жазушымен кездесіп, рухани сыр шертісті. Облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасында өткен «Қаламмен кешкен ғұмыр» атты шара әдебиетсүйер қауымға ерекше жігер бергендей көрінді.

Салалы саусағына қасиетті қалам қапсырған сәттен бастап бүгінгі сеңгірлі сексен жасына дейін қазақ руханиятына сүбелі үлес қосып, «Ерлі-зайыптылар», «Күтумен кешкен ғұмыр», «Бір өкініш, бір үміт», «Әй, дүние-ай» сынды классикалық романдар ұсынып, «Атажау» сынды кесек-кесек повесть әңгіме жазған тұғырлы тұлға жерлестерімен алқаусыз әңгіме айтып, руханият жайлы тебіреніп, елдік тұрғыда сырласты.

Шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкері Төлеужан Ғұмар жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли жазушының саналы ғұмырын шығармашылыққа арнағанын айтып, қайраткерлік, қаламгерлік жолына үңіліп, «Орбұлақ» сынды ұлы шайқасты тарихи сахнаға алып шыққан табандылығына тәнті екенін айрықша жеткізді. Әдебиет әлемінде соны соқпақ салған классиктің мерейтойына орай облыс әкімі Амандық Баталовтың жолдаған ыстық сәлемін жеткізіп, жазушы иығына оқалы шапан жапты.

Өз кезегінде ҚР Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, айбоз ақын Әміре Әрін сөз алды. Ол:

– Бексұлтан ағаға қазақтың Ұлы даласының бәрі бірдей. Сол дарқан далада мекен еткен халықтың бәрі тең. Үлкені һәм кішісі болсын! Табиғаты таза, құшағы ашық классигіміз жасынан Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген қағидатын берік ұстанған. Елін еміреніп, жерін жүрегімен сүйген қаламгер-қайраткеріміз қазақ әдебиеті тарихында оқырманы ең көп жазушы. Махаббат тақырыбын тереңнен толғап, тұңғиығынан тұндыра сыр тартады. «Әйел әлемін мөлдірете жазу – әлемді түсіну» деп алсақ, әрі сол нәзікжандылар жазушымыздың шығармасына түбегейлі іңкәрлік танытады десек, онда күллі қазақ оқырманы, әсіресе, әйелдер қауымы Бексұлтан ағаға қарыздар! – деп тебіренген көрнекті ақын өз кезегінде жазушының тұлғалық болмысын, асқақ тұрпатын, адами қағидасын, шығармашылық биіктігін көркем түрде айшықтап өтті.

Бексұлтан Нұржеке-ұлының асқақ болмысын, тұтас шығармашылық ғұмырын ғажайып мысалдармен айшықтаған айбоз ақыннан кейін белгілі жазушы, журналист Әли Ысқабай сөз алды. Ол жазушының қазақ әдебиетінде алар орнын саралап, «Өзендермен өрнектелген өлке» кітабын жазу барысында жазушымен бірге жүрген кезеңінен есті естелік айтты. Өз кезегінде сатирик-жазушы Тұрлыхан Кәрім тұғырлы тұлғамен өткен кезеңдерге ойша сапар шегіп, жазушының шарапатымен «Құбыжық» атты алғашқы кітабы қазақ оқырманына жол тартқанын жеткізіп, ағалық қамқорлығы, кеңжүректілігі тұрғысына ойын ортаға салды. Сонымен қатар, жазушы, «Жетісу» радиосының директоры, «Жанр» Жетісу әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын классик жазушының қазақ ұлты үшін қалам тербеп келе жатқанына тоқталды.

Саналы ғұмырын жазушылық жолға арнап, елі мен жерінің келешегі, ұлтының болашағы үшін маңдай терін шүмектеткен классик жазушы оқырманға жан тебіренісін жеткізді. Әдебиет пен адамзат арасындағы түрлі тақырыпта өрелі әңгіме қозғаған жазушы Шыңғыс хан бабамыздың тарихына тоқталып, ол Жалайырдан шыққан ұлы қаған екенін айшықтады. Оны ұлт болып мойындап, тарихшылар төл тарихқа жанашырлықпен зер салу керектігін ашып айтты. Тауанды тарих жайлы тебіренген Бексұлтан Нұржеке-ұлы:

– Бүкіл қазақ бір атадан тараған халықпыз. Өз атасы Анарыс деген кісіні шешесі еркелетіп, Арыс атап кеткен екен. Аса ірі, дәу кісі болса керек. Дәу біреуді көрсек, арыстай азамат дейтініміз содан. Сол кісі сырт елде білім алған, елді іліммен басқаруды мақсат еткен адам болыпты. «Ақыл билемеген тоқтық аштықтан жаман», – депті бабамыз. Алты баласы «Алты Арыс» атаныпты. Ақ және Пан деген екі үлкені қыс кезінде Хантәңірінің етегінде жылқы күзетінде жүріп үсіп өліпті. Сірә, қарлы боранда адасып кетсе керек. Содан екі ағайынды өлген айды «Екі ағайынды» деп атап, кейін «Ақ және Пан өлген ай» деп жүріп, ол айды «Ақпан айы» атап кетіппіз. Арыс бабамыз ұлдарын екі-екіден еншілеп, Ақ пен Пан ауылын үлкен, яғни, «Ұлы йұзы», – Ақ Арыс ауылы деп; ортаншы балаларын Жан мен Болды ауылын «Орта йұзы», – Жан Арыс ауылы деп; ал кіші балаларын Бек пен балдың ауылын «Кіші йұзы», – Бек Арыс ауылы деп еншілепті. Және жай еншілемей, екі-үштен ұлы өліп, төртеуі қалған кезде бір-бірімен ауыз бірлікте болыңдар, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп тәлім беріпті, – деп шерлі шежіремізден тың деректер тарқатып, замана алысын, қоғам көрінісін де жазушылық көзқараспен тебірене толғады.

Көрнекті жазушының көркем оймен айшықталған әңгімелерінен кейін Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншілері әуелете ән салып, жастар көкейіндегі сауалдарын қойды. Жетісудың ақын қызы Гүлбақыт Қасен арнау өлеңін тебірене оқыды. Өз кезегінде жазушы жастардың сан сауалына тебірене жауап берсе, оқырмандар да тұғырлы тұлғаны мерейтойымен құттықтап, әрбір шығармасына іңкәр екендіктерін жеткізді.

Тарихи жадымыздағы көмескі тартқан бабаларымыздың асқақ тұрпаты жаңғырып, көз алдымызда рухты батырлар тізбегі көлбеңдеген, есті естелік пен рухани әңгіме айтылған «Қаламмен кешкен ғұмыр» кешінен зиялы қауым тебіреніспен тарқасты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өнімді қайта өңдеу –  заман талабы

Өнімді қайта өңдеу – заман талабы

19.06.2026
«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

19.06.2026
Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

19.06.2026
Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

19.06.2026
Дара дәстүр немесе «Табалдырық» туралы түсінік

Дара дәстүр немесе «Табалдырық» туралы түсінік

19.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.