Талдықорған: +27°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Бойыңызда адамдық қасиет болмаса, кәсіби шеберлігіңіздің құны көк тиын — Димаш

28.11.2023
РУХАНИЯТ
Бойыңызда адамдық қасиет болмаса, кәсіби шеберлігіңіздің құны көк тиын - Димаш
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген студенттердің шақыруымен Еуразия ұлттық университетіне барды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ол оқу ордасымен танысып, білім алушылармен кездесті және студенттік оркестрмен бірге танымал күйлерді орындады.

Димаш Құдайберген ЕҰУ-дағы Күлтегін ескерткіші және Жазу тарихы мұражайымен танысты.

Студенттермен кездесуде Димаш Құдайберген өзінің балалық шағы, қалыптасуы, өскен ортасы туралы айтып, сүйікті кітаптарымен бөлісті, өмірге деген жоспарлары, спортқа бейімділігі туралы сұрақтарға жауап берді.

ЕҰУ жастары әншіден өзінің бойындағы маңызды адами қасиет –қарапайымдылықты қалай сақтауға болатынын сұрады.

«Өз ісіңізде қаншалықты кәсіби болсаңыз да, ең бастысы қарапайымдылық және рухани бай болу. Бойыңызда адамдық қасиет болмаса, кәсіби шеберлігіңіз қанша жерден жоғары деңгейде болсын, оның құны көк тиын», — деп атап өтті әртіс.

Кездесу барысында Димаш Құдайберген мен Еуразия ұлттық университетінің «Дала сазы» студенттік оркестрі импровизалық өнерімен тәнті етті. Олар домбырамен қазақтың әйгілі күйлерін орындады.

«Ата-анамның отандық мәдениеттегі қызметі менің тағдырымды айқындағаны сөзсіз. Өмірде жақсы тәлімгерлерді кездестіру бақытына ие болдым. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Олжабайұлы кезінде анамды, кейін мені вокал өнеріне баулыды.

Ата-анам мен үшін әлі де алаңдайды, мен әр басқан қадамымды отбасымның, халқымның батасы мен қолдауымен жасаймын. 100 жасқа келсем де, ата-анамның ой-пікірін, көзқарасын құрметтейтін боламын», – деп бастады алғашқы жауабын танымал әнші.

Әнші жастардың білім мен ғылымдағы жетістіктері туралы көпшілік арасында ақпараттандырудың маңыздылығына назар аударды.

Димаш Құдайберген өзінің сүйікті кітаптары туралы да айтты. Әсіресе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» мен Черчилльдің «Ешқашан берілмеңіз» шығармаларын ерекше атап өтті.

«Мен 5 жасымнан бастап музыка мектебінде оқи бастадым. Содан әжем аяғы ауырғанына қарамастан мені арқасына салып мектепке алып баратын. Мен оны қуантып, оның маған салған еңбегі мен жұмсаған күш-жігерін ақтай білсем, жүректе шынайы бақыт пайда болады», — дейді жас дарын.

Іс-шара соңында ЕҰУ басшылығы Халық әртісіне құрмет көрсетіп, қойылған сұрақтарға қызықты жауаптары үшін алғыс білдірді және университеттің жоғары марапаттарының бірі – Күлтегін медалін табыс етті.

Сондай-ақ университеттің барлық жастар қауымы атынан әншіге естелік ретінде ЖОО-ның фирмалық жемпірі мен ЕҰУ студенті өз қолымен тіккен ұлттық шапан табысталды.

Димаш Құдайберген университет ұжымына жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтып, студенттерге оқуда табыс тіледі.

Дереккөз: Kazinform.
Фото: ЕҰУ

Қатысты жаңалықтар

Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026
Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.