Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БӨРЛІТӨБЕ БЕЛЕСТЕРІ

7 тамыз 2024
РУХАНИЯТ
БӨРЛІТӨБЕ БЕЛЕСТЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Кезінде қысқартуға ұшыраған Бөрлітөбе деген аудан болғанын кейінгі толқын білмегенімен аға буын ұмыта қойған жоқ. Жуырда Лепсі ауылдық Мәдениет үйінде ежелгі ауданның қызметкерлері араға 27 жыл салып жүздесіп, 90 жыл бұрын құрылған Бөрлітөбенің тарихын таразылап, алқалы жиын өткізді.


Жиналғандар алдымен даңқты композитор Мұқан Төлебаев ескерткішіне, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер обелискісіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты жиынның бірінші бөлімінде  Бөрлітөбенің тарихы туралы ғылыми-теориялық конференциямен басталып, жұртшылық  Бөрлітөбе тарихына қатысты фотосуреттерге қызыға назар аударды. 

Кең даламыздың бетін жазық маңдайға түскен терең әжімдердей айқыш-ұйқыш сызғылаған сан тарау жолдар біздің халқымыздың қым-қуыт тағдырына ұқсайды. Сонау есте жоқ ескі замандарды қоя тұрып, күні кешегі кеңестік кеңістікте Бөрлітөбе ауданы 1933 жылы құрылып, 1960 жылы тарады. Араға 12 жыл салып қайтадан іргетасы қаланды да енді ғана еңсе көтере бастаған тұста қысқартудың құрығына ілінді. Әрине, мұндай саяси қадамдар дауысқа салынбай-ақ жоғарыдан шешіледі. Дегенмен, ауданның өткені мен өткелінде аудан басшыларының, аудан жетекшілерінің, бас мамандарының, ауданның қарапайым еңбеккерлерінің сүбелі үлесі бар. 

– Біз осы конференцияда тарихымызды таразылап, өткен жылдарға естеліктер арқылы сапар шегеміз,– деп конференция модераторы Болат Молдабеков  ортаға мемлекет және қоғам қайраткері, кезінде Орталық Комитетте жауапты қызметтер атқарған тоқсандағы абызымыз, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Әбіләкім Әубәкірұлын, 1972 жылы қайтадан құрылған Бөрлітөбе ауданының бірінші хатшысы болып, өнегелі ізі қалған Қали Әмірханұлының зайыбы, Нүкеновтер әулетінің алтын қазығы тоқсандағы Наушан анамызды шақырды. 

Тарихи баяндаманы ұзақ жылдар осы ауданның идеологиясын басқарған Ақсу және Сарқан аудандарының Құрметті азаматы Орал Исанова жұртшылық назарына ұсынды.

Тарих- ұлы ұстаз. Ұлы ұстаздан дәріс алу мүмкіндігіне ие болып, өңірдің өткені мен өткелі жөніндегі баяндамадан соң жарыссөзге шыққан Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Асқат Қалиасқаров, кезінде ауданның оқу-ағарту саласын басқарған Мәншүк Баженова ұзақ жыл Лепсінің әкімі болған Сарқан ауданының Құрметті азаматы Кеңес Сердалинов өткен жылдар өнегесін өз сөздеріне арқау етті.

Келесі кезекте Қазақстан Жазушылар одағы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жомарт Игіман жұртшылықты Бөрлітөбенің тағылым алар тасқа басылған тарихы болсын деген ізгі ниетпен жарық көрген «Бөрлітөбе белестері» атты тарихи-танымдық энциклопедиямен таныстырды. 

Алқалы жиын Лепсі Мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған концертпен қорытындыланып, дүниеден озған марқұмдардың рухына арнап ас берілді. 

Жақсылық Жомартұлы
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.