Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ДҮКЕН ИЕЛЕРІНІҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ: САЛЫҚ ӨКІЛІ МӘН-ЖАЙДЫ ТҮСІНДІРДІ

19 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
ДҮКЕН ИЕЛЕРІНІҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ: САЛЫҚ ӨКІЛІ МӘН-ЖАЙДЫ ТҮСІНДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда жеке кәсіпкерлер ҚР Қаржы министрлігі мен салық органдарының жобасына наразылық білдіріп, кейбіреуі дүкендерін жауып тастауға дейін барған. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Әсіресе, микробизнеспен айналысып, шағын дүкен ашқан жандар виртуалды қоймамен жұмыс істеуге, ілеспе құжаттар рәсімдеу мен сканерлеу құрылғысын, онлайн бақылау кассалық аппаратын орнатуға қарсы.

Аталған талаптарды орындау үшін кәсіпкерлер заңгер мен есепшіні жалдауға тура келеді. Өйткені, ондағы есеп беру, құжаттарды рәсімдеу секілді жауапты жұмыстар тек мамандардың қолынан ғана келеді. Ал оларды жалдау артық шығын, қалатаға салмақ салады.

Істің мән-жайын түсіндіру үшін «Jetisy media» ақпараттық алаңында журналистермен брифинг өтіп, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ләззат Айтахунова пилоттық жобаның мақсат-міндетін баяндады.

— Ескеретін дүние, жаңа жоба пилоттық режимде жұмыс істейді. Сондықтан, жүйені дұрыс толтырмағандарға ешқандай жаза жоқ. Қазір электронды жүйені оңтайландырып, кәсіпкерлер үшін қолайды жағдай жасауға күш салынуда. Наразылық білдірген кәсіпкерлердің мәселесі толығымен шешілді. Шағын кәсіпкерлер электрондық шот-фактура мен ілеспе құжаттан босатылады, – деген Ләззат Сағынбекқызы олардың виртуалды қоймамен жұмыс істеуі тиіс екенін айтты. Ол үшін тауарды онлайн бақылау кассалық аппаратынан өткізіп, әр сатып алған затқа түбіртек береді.

Кәсіпкерлердің «Аппаратты сатып алу керек пе?», «Виртуалды қоймамен қалай жұмыс істейміз?» сынды сұрақтары жауапсыз қалмады. Департамент өкілдері оның еш қиындығы жоғын айтып, қазір мобильді қосымша әзірленіп жатқанын алға тартты. Қосымша дайын болғанда QR-код арқылы сатылған тауар виртуалды қоймамен автоматты түрде байланысқа түседі.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.