Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕЛОРДАДА ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БЕЙБІТ ЖИЫН КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

11 маусым 2020
РУХАНИЯТ
ЕЛОРДАДА ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БЕЙБІТ ЖИЫН КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида БАЛАЕВАНЫҢ төрағалығымен журналистердің бейбіт жиын кезіндегі қызметтік Қағидаларын онлайн-талқылау өткізілді.

Онлайн-талқылауға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, республикалық және өңірлік БАҚ, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Іс-шараны «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Қағида «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңды іске асыру шеңберінде заңнамаға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес әзірленді.

Онлайн-талқылау басталмас бұрын А.Балаева аталған Қағидалар жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ-тың өзара іс-қимыл тәртібін анықтау үшін, сондай-ақ, бейбіт жиын өткізу орындарында өздерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезіндегі журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті.

— Журналистің кәсіби қызметін алаңсыз атқаруы мақсатында жергілікті атқарушы органдар БАҚ қызметкерлерін жедел баспасөз орталықтарымен қамтамасыз етеді, — деп атап өтті ол.

Министр жаңа Қағидада жергілікті атқарушы билік өкілдерінің БАҚ-пен өзара іс-қимылы бойынша функциялар енгізілгенін, сондай-ақ, ерекшелік белгілерінің түрлерін бекіту қарастырылғанын айтты.

Онлайн-талқылау барысында «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Т.Қалеева, Informburo.kz ақпараттық порталының бас редакторы М.Дорофеев, Internews Network Қазақстандағы өкілдігінің заңгері О.Диденко, «Алматы» телеарнасының бас директоры Н.Мұхамеджанова, «Человек и закон» газетінің бас редакторы М.Бәшімов өздерінің нақты ұсыныстары мен ескертпелерін жеткізді.

Сөз сөйлегендер ерекше белгілердің түрлеріне, жедел баспасөз орталығының аумағында да, одан тыс жерлерде де журналистердің еркін жүріп-тұруын қамтамасыз етуге, редакциялық тапсырманың болуына, жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне де осы Қағиданың ережелерін түсіндірудің маңыздылығына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

Жалпы талқылауға ұсынылған Қағида жобасын кездесуге қатысушылар толық қолдады.

Онлайн-талқылауды қорытындылай келе, А.Балаева ҮЕҰ мен өңірлік БАҚ өкілдерінің барлық ұсыныстары мен ескертулері егжей-тегжейлі зерделенетінін және ескерілетіндігін, ал жоба ары қарай талқылау үшін нормативтік-құқықтық актілердің ашық порталында жарияланатынын атап өтті.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.