Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕРЛЕРДІҢ ІСІ БІТЕР МЕ? ҚОС МЕРЕКЕҢМЕН, ТӘУЕЛСІЗ ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ!

7 мамыр 2021
РУХАНИЯТ
ЕРЛЕРДІҢ ІСІ БІТЕР МЕ? ҚОС МЕРЕКЕҢМЕН, ТӘУЕЛСІЗ ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ!
WhatsAppTelegramFacebook

Қарт тарихтың қойнауына Екінші дүниежүзілік соғыс деген атпен екпіндете енген, ең қасіретті, ең қанқұйлы айқастың аяқталғанына биыл – 76 жыл.

Миллиондарды жер жастандырып, мыңдарды мүгедек еткен, жетімдерді қан жылатып, жесірлерді зар өксіткен сұрапыл соғыс өрті өткен ғасырдың орта шенінде, ғылым мен өркениет енді ғана қанат жайып, сан түрлі техниканың тілін жаңадан жан-жақты меңгере бастаған озық ойлылар мен сауаттылар дәуірінде тұтанғаны қандай өкінішті еді!

Адамзат адамзат болғалы бойында бар сол бір тәкаппарлық, сол бір менмендік, сол бір әлімжеттік, сол бір билеп-төстеу секілді теріс пиғылдардың шарықтау шегі осындай бұрын-соңды болмаған қайғы-қасіретке әкеп соқты. Алпыс миллионға жуық адам ажал құшты. Дүниежүзінің 80 пайызы дәл осы соғыстан қатты зардап шекті.

Әлемді шарпыған нәсілшілдік пен өктем нацизмді тоқтатуға қазақтың жүз мыңдаған жаужүрек жауынгері аттанды. Отан-ананың адал ұлдары ұрыс даласында кейінгі ұрпақ үлгі етер ұлы ерліктер жасады. Нағыз ерлерше қасық қаны қалғанша күресті.

Боз даламыздан аттанған боздақтардың тең жарымынан көбі алтын құрсақ анасымен, еркетотай жан жарымен, періште пейіл сәбиімен қайта қауыша алған жоқ. Бірақ олардың Отан деп соққан от жүрегі мәңгі тірі! Оған ешкім шүбә келтірмейді.

«Қанша үйдің ұрлап адамын, қанша үйде сөніп қалды оттар. Көрдің бе ұлын ананың, соғыстан қайтқан солдаттар?!». Сырбай Мәуленов пе еді? Соғыстың сұрқай көрінісін сөзбен қалай дәл құя салған? Оқи бергің келеді.

Майдан даласын мәңгілік көрпесі етіп жамылған сан мың боздақтың рухына тағзым! Олардың жүрек лүпілі снаряд пен оқтың ысқырған үнін, танкі мен ұшақтың үрейлі гүрілін, автомат пен винтовканың ауыр гүрсілін біржолата тоқтатты.

Мейлі, бүгінгі заман тұрғысынан жүз тарау зерттеу жүргізіліп, соғыстың біз білмеген құпиясы ашыла берсін, мейлі, әлемді бөліске салғысы келген екі жендеттің текетіресі үшін миллиондар құрбан болыпты деп қабылдайық, бірақ бір нәрсе анық екеніне бек сенімдіміз: ол – қазақтың әр баласы тәй-тәй басқанынан Отаным, елім, жерім деп өсетіні, ел шебіне жат пиғылды жау тисе, аянып қалмайтын қайсар рухпен тәрбиеленетіні!

Сол кездегі қазақ сарбаздары отыз жетінің ойранын, отыз екінің зұлмат аштығын, сүттей ұйыған қазақ қоғамын жік-жікке бөлген қызыл саясаттың қитұрқы әрекеттерін білмеді дейсіз бе?! Білді! Бірақ «Еңку-еңку жер шалмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?» деп өскен ұрпақ Отан қорғау деген ұлы сезімді сұрқия саясаттан биік қойды.

Қызыл билік қазақтың беткеұстар қайраткерлерін қынадай қырғанымен батырлар жырын, әжелер ертегісін, отаншылдық рух беретін бай ауыз әдебиетін өлтіре алған жоқ!

Қазақтың рухани қайнар бұлағы – ауыз әдебиетінің өршіл идеясымен сусындап өскен ұрпақ жер-әлемді тітіреткен соғыстан қаймықпады. Мәскеу, Ленинград, Сталинград түбіне топтасқан қалың жау әскеріне рух семсерімен атойлап кіріп кетті. Бір ғана Бауыржан Момышұлының, бір ғана Мәлік Ғабдуллиннің ерліктерін жырласақ, талай күн тауыса алмасымыз анық. Олардың от кешіп келгеннен кейінгі әдебиетке қосқан үлесі қаншама?! Бұл бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жастары үшін де маңызды.

Тәуелсіз Қазақстанның Отан қорғаушылар мерекесі 9 мамыр – Жеңіс күнімен тізбектеле келуі тегін емес. Екі мейрамның араға бір күн салып қатар тұруы түйсінген жанға түгесілмес тағылым. Бірінде отаншылдық рух, қазіргі қазақ жауынгерінің әлеуеті дәріптелсе, бірінде Отан үшін от кешкен батырларымыздың өмірі сөз болады.

Қос мерекеңмен, қазақ елі! Мемлекетіміз мықты, сарбазымыз рухты болсын!

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.