Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕСЕНҚҰЛДЫ ЕНДІ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ОҚИДЫ

25 ақпан 2018
РУХАНИЯТ
ЕСЕНҚҰЛДЫ ЕНДІ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ОҚИДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

    Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Есенқұл Жақыпбековті еске алу кеші өтті. Оған алыс-жақыннан қазақ руханиятының белгілі өкілдері келіп, ақынның туыстары мен дос-жарандары, шәкірттері, өлеңсүйер оқырман көптеп жиналды.


    Мәдениет үйінің кіреберісінде аудандық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Өзім жайлы айтпаймын, елім айтар» атты кітап көрмесіне ақынның ілгерінді-кейін шыққан жыр жинақтары қойылыпты. Көрермен залы лезде лық толып, орын жетпегендер әдеби-сазды шараны екі сағат бойы тікесінен тік тұрып тамашалады. Соған қарағанда, фәни дүниеде нағыз халықтың адамы болған ақынға деген көпшіліктің ықыласы күндер өтіп, айлар асып, жылдар жылжыған сайын сағынышқа ұласып, Есенқұл есімі туған жерінде де тұлғалана түскендей сезілді.
    Аудан әкімінің орынбасары Дастан Шалтабаев ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндап, артында қалған аяулы жары Меңсұлу жеңгейге сый-құрмет көрсетті. Баяндамада Есенқұл Жақыпбековтің қос бірдей кітабы жарық көргені мәлім етіліп, ізінше сахна төрінде тұсаукесері жасалды. Жинақтың бірі түрік тілінде басылған. Енді ақынның жан тебіренісі мен жүрек лүпілін қазақ халқы ғана емес, түркі әлемі түсінетін болды. Түрік тіліндегі «Жазғы таңда» кітабы Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының қолдауымен жазушы Якуб Омароғлы төрағалық ететін Еуразия Жазушылар қауымдастығына қарасты «Бенгу» баспасынан шықты. 
    Екіншісі «Сынған күннің сәулесі» атты жыр жинағы да сол күні қалың оқырманға қатар жол тартты. Сонымен бірге Түркияда шығатын Еуразия Жазушылар қауымдастығына қарасты «Кардаш каламлер» журналының ақпан айындағы саны Есенқұл Жақыпбековтің шығармашылығына арналғанын шараға қатысқан түркиялық делегация өкілдері сахнада сүйіншілей хабарлап, журналдың бірнеше данасын жамбылдықтарға тарту етті. Бұл да бауырлас елдегі біздің елшіліктің қолдауымен жүзеге асырылыпты.
    Еске алу кешінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиев өзінің жүрекжарды лебізін Есағаның шәкірті әрі бауыры ретінде білдірді. Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының профессоры, жазушы, журналист Нағашыбек Қапалбекұлы өлең өлкесіндегі ерен жүйріктің өмірдегі кейбір сәттерінен естеліктер айтты. Ол ақын жырларын түрік тіліне аударып, кітап пен журналда жарық көруіне өз үлесін қосқан Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің жауапты қызметкері, «Дарын» сыйлығының иегері, аудармашы, драматург, жазушы Мәлік Отарбаевқа халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықты салтанатты түрде тапсырды. 
    Бұдан әрі кештің өн бойы ақын шығармаларымен өріліп отырды. Әсіресе өлеңдері бойынша дайындалған қойылым көпшілікке театрда отырғандай әсер қалдырды. Ақынның бозбала кезінен сыр ақтарған шуақты көріністер көрерменді бір сәт сол бір тәтті шаққа жетелеп әкеткендей болды. Қойылымда фонограмма болған жоқ, өлең оқу да, сөз де, музыкамен сүйемелдеу де жанды дауыспен, жатқа айтылып, табиғи қалпында орындалды. Мұны көпшілік алдында сөз алған Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов сүйсіне атап өтіп, жоғары бағалап, ақынның албырт кезі мен қатарластарын шынайы сомдаған аудан өнерпаздарына ризашылығын білдірді және Е. Жақыпбековтің «Өнер адамы» деп аталатын өлеңіне жазылған Қадырғали Көбентайдың әнін орындады. 
    Кеш қатысушыларына «Ақ Орда» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары Қанат Мұсақұлов Ұлттық спорт Ассоциациясының құрметті төрағасы, генерал-майор, қоғам қайраткері, руханият жанашыры Қайрат Сатыбалдының сәлемін жеткізді. Сол сияқты Мәлік Отарбаев Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының, ал Хусейн Калебозан мырза Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Омароғлының құттықтау хаттарын оқып берді.
    Түріктің танымал ақын-жазушысы Атаман Калебозан ханымды Халықаралық «Жамбыл» қоры Сүйінбай мен Жамбыл мұраларын насихаттап, Есенқұл Жақыпбеков жырларын кітап етіп шығарғаны үшін Халықаралық Жамбыл сыйлығымен марапаттады. Есағаның түрік тіліндегі кітабына редакторлық еткен Атаман Калебозан көпшілік алдында М. Отарбаевтың аудармасын өте жоғары бағалап, алғашқы түрік оқырманы ретіндегі өз пікірін былайша жеткізді: «Түрік поэзиясы мен қазақ поэзиясының генетикалық діңі бір-бірінен алшақтап кете қоймаған. Есенқұл Жақыпбековтің өлеңдеріне үңілу барысында мен соны ұқтым. Адами құндылықтар мен махаббат мәңгілік тақырып секілді көрінгенімен, оны жырлауда халықтың мұңы мен сырында ұқсастық болады. Сондықтан түрік оқырмандары да Есенқұлды жатырқамай, тез қабылдайтынына сенімдімін».
    Тума талант иесінің сөзіне жазылған және төл әндерін эстрада жұлдыздары Ұлжан Айнақұлова, Роза Әлқожа, Ләззәт Жанаманова, Елдос Үмбетәлиев, Мәди Дәуренұлы және Данияр Рахымбай орындап, «Сен жалынсың», «Ардағым», «Тұманды күн», «Қара күз», «Қолыңнан келсе», «Бәйбіше», «Жамбыл ауданы», сондай-ақ, кейін шыққан «Есаға» сияқты әндер тыңдаушы көңілін баурады.

Серік САТЫБАЛДИЕВ.

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.