Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ГҮЛ ҚАҒЫП АЛУ – ҚАЗАҚҚА ЖАТ

3 тамыз 2019
РУХАНИЯТ
ГҮЛ ҚАҒЫП АЛУ – ҚАЗАҚҚА ЖАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың тойы тәрбие бесігі саналған. Әдет-ғұрпымыздың айшықталып, салт-санамыздың  жаңғыратын тұсы сол жер. Бірақ қазіргі қоғамда кейбір жастарымыз ата салтымыздан аттап, бөгде елдің есіргендеріне еліктеп, солардың салтын сәнге айналдырып алды. Тіпті, бұл келеңсіздікке күнделікті құбылыс ретінде қарап, мән бермей келеміз. Бүгін соның бірімен бөліспекпіз.
Бүгінгі тойлар мақтан үшін жасалатын сияқты көрінеді. Біреуден қалып қоймай, одан асырып жасаймын  деп бар жиған-тергенін шашып, берекесі кетіп жатқан шаңырақтар аз  емес. Той шашылу үшін емес, қарапайым болса да халық алдында өз ықылас-ниетін білдіру үшін жасалатын мереке. 
Қазақ қашанда дәстүрді берік ұстанған халық. Ал сол дәстүріміз дәріптелерін тойда бүгінде кейбір жастар бөгде елдің салтын жалау етіп жүр. Соның ішінде қазіргі тойлардағы қыздардың гүлге таласуы барша қазақтың абыройына сын келтіруде. 
Жуырда Алматы қаласына тойға бардым. Асаба залда отырған бойдақ қыздарды шақыра бастады. Қалыңдықтың қасына жиналғаннан кейін асаба қыздарға гүлді қағу рәсімі болатынын айтты. Қалыңдық теріс қарап, қолына ұстаған гүлін лақтырғаны сол еді, әлгі қыздар бірін-бірі соғып, көкке көтерілген гүлге таласты. Тіпті, төбелесуге дайын тұр. Құлап-жығылып жүріп бір бойжеткен қағып алды. Ол ақ боз атты ханзадасы күтіп тұрғандай қуанғанымен үлкендер жағы жақтырмай қарады. Расымен, сырт көзге оғаш көрінеді. Қазақ қыздарына мүлдем жат қылық.
Сол қағылған гүл шынымен сәттілік әкеліп, аруымыз көп ұзамай тұрмысқа шығып кетеді ме? Бір танысым қалыңдық гүлінің бірнешеуін қағып алса да  тұрмысқа шықпай әлі жүр. Әлде қаққан гүлдерінің әсері болмағаны ма? Осындай жастарды көріп налып қайттым.
Иә, бұрындары қазақ қыздары ұзатылып бара жатқанда ырымдап сәукелесінің үкілерін шешіп сіңлілері мен құрбыларына ақ тілегін айтып таратып беретін болған. Сонда халқымыздың көнеден қалған әдет-ғұрпы жоғалып бара жатқаны ма? Ең сорақысы, дағдыға айналған өзге елдің дәстүрін кейінгі буын көріп өседі. Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба да сонда барар. Болашақ ұрпақ алдыңғы буын ағаларына қарап бой түзейді емес пе? Гүл қағумен өскелең ұрпаққа қандай үлгі, нендей тәлім-тәрбие беріп жүрміз? 
Қазіргі таңда мұндай масқара бейнеүзіктер әлеуметтік желіде толып жүр. Батыс халқы енгізген бұл әбес әдеттің біздің болмысымызға аса үйлесе бермейтінін ескергеніміз жөн. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтергендегі қолға алған  басты   мақсатымыз   – ұрпақты ұлттық салт-дәстүрмен  тәрбиелеу қажет. Өзгенің қаңсығын таңсық қылып, салт-дәстүрімізді жоғалтып алмайық. Ойланайық.

Айдана АСЫЛХАНОВА
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.