Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҮҢГІРТАСТА СОНАУ 1957 ЖЫЛЫ САЛЫНҒАН КӨНЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

2 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
ҮҢГІРТАСТА СОНАУ 1957 ЖЫЛЫ САЛЫНҒАН КӨНЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығының құрметіне Алматы облысы Үңгіртас ауылында Мәдениет үйі ашылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас пен аудан жұртшылығы қатысты. Аудан әкімі ауылдық Мәдениет үйінің ашылуы өңірдің мәдени өмірі үшін жақсы жаңалық екенін атап өтті.

— Құрметті қауым! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Үңіртас ауылында жаңа Мәдениет үйін ашып отырмыз. Енді мұнда мерекелерге, жақсы жаңалықтарға орай, жастарды тәрбиелеу бағытында игі шаралар тұрақты өткізілетін болады. Осы құрылысты жүргізген құрылысшыларға алғыс білдіремін, — деді ол.

Ауыл тұрғындарын мерекемен Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Әскербек Абаев пен Ардагерлер ұйымының төрағасы Батырхан Меңдібаев та құттықтады. Тұрғындар атынан Үңіртас ауылдық ақсақалдар кеңесінің өкілі Асанқұл Толоқұлов ризашылығын жеткізді.

Ашылу салтанатынан соң жиналған көпшілік Мәдениет үйін аралап көрді. Мәдениет үйінде орналасқан кітапханаға сый ретінде Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап сыйға тартылды.

Ауыл тұрғындарына Сүйінбай сазы фольклорлық-этнографиялық халықтық ансамблі, аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, Мәдениет үйінің ғимараты 1957 жылы салынған, 2019 жылы қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Құрылысты «Өмірзақ» ЖШС атқарды. Ғимараттың жалпы алаңы — 698,5 шаршы метр, 200 орынға арналған көрермен залы бар. Атқарылған жұмыстардың құны —  251 574 000 теңге, жаңарған Мәдениет үйіне барлық қажетті құрал-жабдық алынып, қызметін лайықты атқаруға жағдай жасалған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.