Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮНДЕ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

18 мамыр 2021
РУХАНИЯТ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮНДЕ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі пандемияға байланысты «Есік» қорық-музейінде 2020 жылдан бастап «Музей түні» іс-шарасы онлайн форматта ұйымдастырылып келеді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Отанымыздың азаматтары мәдени өмірден тыс қалмауы үшін тарихи-мәдени өмірдегі барлық атаулы оқиғаларды онлайн форматта таныстыруды қолға алған болатын.

«Есік» қорық-музейі де онлайн іс-шаралардың бастауын Ақсу ауданының тумасы, «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі – Б.Нұрмұханбетовтың 17 мамыр туған күніне орай зиратына тәу етіп, сол кісіге арналған «Армандар орындалады» атты фотокөрмені ашудан бастады.

Көрмеде қорық-музей қорындағы археологтың өмір жолы мен еңбектерін көрсететін «Жастық шақ», «Сәулелі жылдар», «Орындалған арман» тақырыптарын қамтыған, 3 бөлімнен тұратын фотосуреттер ел назарына ұсынылады. Көрме ашылуында қорық-музей директоры Г.Мұхтарова Бекен атаның өмірбаяны мен бастан кешкен қызықты күндеріне қысқаша тоқталып, қорық-музейдегі бірге атқарған жұмыстар барысын еске алды.

Б.Нұрмұханбетовтың қазіргі таңдағы артында қалған мұрасын жинақтау, насихаттау жұмыстарын атқарып отырған шәкірттері — «Есік» қорық-музей ұжымы «ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының архиві» мекемесі архив қорын толықтыру және ведомствалық архивтер бөлімімен бірлесе фотосуреттерін архивке тапсыру, электронды нұсқаларын әзірлеу жұмыстарын іске асыруда. Археологтың 100-ден астам фотосуретінің сипаттамалары жазылып, электрондық нұсқасы жасалды.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші, артында іздеушілері мен шәкірттері тұрғанда Бекен атамыздың есімі ел есінде мәңгі сақталады деген ойдамыз. Көрменің онлайн нұсқасы 18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай «Есіктегі музей түні» іс-шарасы барысында сағат 19:20–19:30 аралығында көрермендерге жол тартады. Сонымен қатар, 18 мамыр — Халықаралық музей күніне орай кешкі сағат 18.00 бастап онлайн форматта «Есік» қорық-музейінің «Фейсбук» және «Инстаграмм» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көптеген іс-шаралар атқарылады. Олардың қатарында «Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» атты көрме, сол көрменің аясында ат әбзелдеріне қатысты онлайн экскурсиялар, «Есік» қорық-музейінің қорғау аумағындағы ескерткіштер туралы қызықты мәліметтер, «Алтын адам» туралы 1978 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген және басқа да деректі фильмдер, марқұм К.Ақышев, Б.Нұрмұханбетовтардың сұхбаттары көпшілік назарына ұсынылады.

«Есік» қорық-музейінің Қырғыз Республикасындағы, Түркиядағы әріптестерінің құттықтаулары мен «Түркия музейлері» туралы түркиялық ғалымдардың қызықты онлайн-дәрістері де бүгінгі күннің еншісінде.

Біздің қорық-музейде мереке басталып кетті. Төл мерекемізбен ең алғаш болып Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы Б.Ахметов келіп, 18 мамыр — Халықаралық музей күнімен арнайы құттықтап, мерекенің шымылдығын ашты.

Құрметті музей достары! Қызықты ақпараттарды бізбен бірге тамашалауға шақырамыз!

Досым ЗІКІРИЯ,

«Есік» қорық-музейі директорының орынбасары

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.