Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ХАЛЫҚТЫҢ ТАРИХИ ЖАДЫ, ДӘУІРДІҢ ДІЛМӘР ШЕЖІРЕШІСІ: БҮГІН — МУЗЕЙ КҮНІ

18 мамыр 2021
РУХАНИЯТ
ХАЛЫҚТЫҢ ТАРИХИ ЖАДЫ, ДӘУІРДІҢ ДІЛМӘР ШЕЖІРЕШІСІ: БҮГІН - МУЗЕЙ КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Салқар дала төсінде жатқан әрбір зат: түп жусан, түйір тасқа дейін тарихтан сыр шертеді. Туған жерінің бедерлі белдері мен қазыналы қырларында шежіреміздің шерлі шанағынан күй болып төгілген, алқам-салқам қызықты дәуренімізді айғақтап, дәлелдейтін дүниелер жетерлік. Біз соның бәрін «мұра» деп дәріптейміз.

Бүгінгі таңда мұра мен мирас дүниелеріміздің, көзге басар қастерлі жәдігерлеріміздің сақталатын алтын қорындай болған музейлер жұмысы жандануда. Жыл сайын қазба жұмыстарынан, өзге де зерттеулерден табылып жатқан жәдігерлер сол мұражайлардың қорына тоғытылып, көрерменге мыңжылдықтардан сыр шертуде. Ал, мемлекет тарапынан да музейлер жұмысының жандануына көп көңіл бөлініп жатқаны көпшілікке мәлім.

«Қазақстан бойынша музейдің астанасы – Алматы облысы», – деген пікір еліміздің түкпір-түкпірінде айтылатын ең әділ баға болса керек. Олай дейтін себебіміз, 47 жылдық тарихы бар М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің, тіпті, өзге де 20-ға жуық музейдің қоры экспонатқа бай.

Негізінен, М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі 1974 жылдың 1-ші наурызында құрылған. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, яғни 1993 жылы музейге белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың есімі берілген. Музей залдары қала тұрғындары мен қонақтарына өлкенің бай әрі сұлу табиғаты мен өткен және қазіргі тарихы туралы сыр шертеді. Негізгі қорына осы жылдар аралығында Жетісу өлкесінің табиғи байлықтары, флорасы мен фаунасы туралы, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер туындылары, халық ақындары, батырлары, мемлекеттік қайраткерлер, тарихи оқиғалар жайлы материалдар жинақталып келеді. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауылшаруашылығының дамуына күш салып, тер төккен еңбеккерлер және басқа ардақты жерлестеріміздің, дара тұлғалардың жеке заттары, құжаттары таптырмас музейлік құндылық болып есептеледі. Облысымыздың бүгінгі жағдайы, экономикасы, мәдениеті, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге байланысты заттар да жиналып, келушілер назарына ұсынылып келеді.

Музейдің ел үшін ерекше, өзіндік бағасы бар тарихи орда десек, бүгінде аймақ бойынша Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейі, Н.Алдабергенов атындағы мемориалды мұражайы, Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейі, Қарасаздағы М.Мақатаев әдеби мұражайы, Сарқан ауданына қарасты Черкасск қорғанысы тарихи-мемориалды мұражайы, Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы әдеби мұражай сынды аймақтағы музейлердің жұмысы жанданып, қоры тарихи экспонаттармен толығу үстінде. Осы ретте, облыс басшылығы тарапынан да аталмыш рухани ордағы көп көңіл бөлініп, соңғы онжылдықта бірқатар мұражайдың күрделі жөндеуден өткені баршаға мәлім. Өз кезегінде құнды жәдігерлер, тарихымыздың бөлшектері алтын қорымызға кіріп жатса, ол еліміздің гүлденуіне, ғалымдарымыз бен ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына өзіндік септігін тигізетініні деп түсінген жөн.

Қашанда халықты тарихынан сыр шертіп, бай мұрамыздың кенішінен көрініс беріп тұратын музейлер жыл сайын келушілерді қуанышқа бөлейтін игі шараларға ұйытқы болып келеді. Ақын-жазушы, тарихшы, жалпы айтқанда тұғырлы тұлғалардың мерейтойларына байланысты, мемлекеттік мерекелерге, атаулы жылдарға орай аймақтағы әр музей рухани шаралардың жалауын көтеріп жүр. Бұл дегеніміз, ел рухын көтеріп, тарихтан тағылым тарататын игі бастамалар десек, әр жылдары өткен «Жетісудың Алтын Адам керуені», «Ретро-көрме», ашық аспан астындағы көрмелер, «Музей түні» сынды шаралар көпшілікке қуаныш сыйлап келген бірегей бастамалар.

Жалпы алғанда, ғылыми, тарихи шығармашылықтың ордасы болған, өткен мен бүгінді жалғап тұрған рухани ордамыз – музей тарихтың жады, дәуірдің ділмәр шежірешісі! Ендеше, ел көлемінде «музейдің астанасы» деп дәріптеліп жүрген облысымыздағы барша музей қызметкерлерін атаулы мерекелерімен құттықтап, тарих пен бүгінді тұтастырған киелі ордасы қазынаға, мирас дүниелерге байи берсін демекпіз.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48
Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Бүгін, 11:44
Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Бүгін, 11:35
Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.