Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«JETISÝ ETNO STYLE»: ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЫНДА ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

25 қыркүйек 2019
РУХАНИЯТ
«JETISÝ ETNO STYLE»: ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЫНДА ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында Қаратал өзенінің жағалауында «JETISÝ ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі өтті.

Дәстүрлі фестивальдің бұл жолғы ерекшелігі, тарих пен дәстүрді сабақтастырып, көшпелілер мәдениетінің заманға сай айшықталуы болды. Кіреберісі саяткерлер аймағынан бастау алатын алаңның соңы қазақ үйлермен жалғасын тапқан. Өзенді жағалай орналасқан үлкен керуеннің ішінде асық ату, қолкүрес, жілік тартыс, балалар алаңы, қолөнер бұйымдарының көрмесі, жастар театрының аймағы, армандар тақтасы, спорт алаңы орналасқан. Керуеннің ішінде ауданнан келген шаруашылық иелері қонақтарға қымыз, шұбат құйып, бауырсақтан дәм татқызды. Талантты қолөнер шеберлері мен зергерлер өздерінің көрмелерін көрсетіп, көптің көңілін баурады.

Фестивальға арнайы келген облыс әкімі Амандық Баталов керуенді аралап шығып, өнерпаздардың өнеріне тәнті болды. Алдымен оқушылардың «Әлқисса» күйін тыңдап, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жастардың әскери шеберлігін көрді. Аймақта алғаш рет құрылып отырған «МИЗАМ» жас әдебиетшілер мен еріктілер театрының тұсауын кесіп, ақ батасын берді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай бастау алған жыр-оқу челленджінің жалғасы ретінде оқушылармен қосыла «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. Арман тақтасына жазған балалардың тілегін оқып, жас палуандардың білек күшін сынады. Одан кейін сахна төріне көтеріліп, жастарға ақ тілегін арнады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Елбасымыз жария еткен Жастар жылының ең басты мақсаты – өскелең ұрпақтың барынша сапалы өмір сүруіне қажетті жағдай жасау, жастар – бұл мемлекетіміздің күш-қуатын еселейтін ең негізгі, мықты буын екенін атап өтті. Осы мерейлі жылда Жетісу жерінде жастар фестивалін өткізудің біз үшін маңызы зор. Жастар – қоғамдағы ең белсенді буын. Олардың рухани күш-қуаты, ғылымдағы интеллекттісі, саяси сауаттылығы – тәуелсіз елдің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан, мемлекетімізде жас буынның тегін білім алуына, шет тілдерін үйренуіне, техника тілін меңгеруіне, жаңа жобалармен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік жасалып отыр. Жалпы облыста жыл басынан бері мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында 450 мың жасты қамтыған 1500-ге жуық шара өткізілді. Бүгінгі фестиваль жастарға әрі демалыс, әрі тәрбие, әрі өзара пікір алмасу алаңы ретінде пайдалы болады деп сенемін, – дей келе, Амандық Ғаббасұлы ел экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген аудан жастарын марапаттады.

Фестивальға 200-ге жуық өнерлі жас қатысты. Олар 30-ға жуық түрлі шығармашылық, спорттық, ойын-сауық алаңдарын жасады. Мәселен, жыл басында жастармен кездесуде айтылған ұсыныс негізінде ауылшаруашылығын дамыту және жастарды ауылға тарту мақсатында әр аудан, қала жастарының ресурстық орталықтарына 10 гектарға дейін жер телімдері бөлінген. Сол жас диқандар жиған өнімдерінен көрме ұйымдастырып, осы фестивальға арнайы әкелген. Жасаған еңбектің жемісі, төккен тердің өтеуі деген,  міне, осы болса керек.

Дүбірлі шараны ұйымдастырушы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас бізге берген сұхбатында бұл фестивальдің келер жылы бұдан да биік деңгейде өтетініне уәде етті.

– Өздеріңіз де көріп отырған шығарсыздар, тарих пен дәстүрді ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды жастардың бойына сіңіру мақсатында осы шараны қолға алдық. Әр алаңда орналасқан бұйымдардан қазақтың иісі шығып тұр. Осы орайда қолдау танытқаны үшін облыс әкіміне алғысымды білдіргім келеді. Себебі, жастар – мемлекеттің моторы. Келешектің алтын көпіріне арқау болар дарын иелері. Сондықтан, бұл фестивальдің берері мол деп ойлаймын, – деді Жомарт Мандатұлы.

Тартысты додалар мен қызықты көріністерге толы шара соңы эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертке ұласты.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.