Талдықорған: +9°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘКЕМЕ ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙМІН

14 маусым 2024
РУХАНИЯТ
ӘКЕМЕ ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙМІН
WhatsAppTelegramFacebook

Әке – ұлы есім. Бір кішкентай  отбасынан бастап, үлкен бір мемлекетті  басқарып қана қоймай, оны қорғап көзінің  қарашығындай сақтау әкенің міндеті әрі борышы. Әкені асқар тауға теңейтін дана халқымыз, оның ұлылығымен қадір-қасиетін ұрпақтан-ұрпаққа ұғындырып келеді.


Асыл анам бала күнімнен «Әкең ұрысады», «әкеңе айтам» деген сөздері арқылы әке беделінасқақтатты. Отбасында үш баламыз. Әкем жеке шаруалықтың иесі, анам әлеуметтік қызметкер. Осындай толыққанды отбасында ержетіп, ата-анамның бар мейірім мен махаббатына бөленіп өскен менде арман жоқ. Отбасында қатып қалған қағида, қыз баланың тәрбиесіне анасы, ұл баланың тәрбиесіне әкесі жауапты. Сол себепті менің тәрбием тікелей әкеме байланысты болды. Кенжетай болғандықтан еркелікпен көп қателіктерге бой алдырғаным рас. Бірақ, әкем сол қателіктерім арқылы өмірден сабақ алуды үйретті.

Асқар тау әкем «Балаларым қатарынан қалмасын. Жоқшылықты сезінбесін» деп қолынан келгенше бізге жақсы өмір сүруге жағдай жасады. «Әкенің малы, балаға мал болмайды» дейді ғой. Соны маған әкем жақсы түсіндірді. Сол себепті, мен өмірде кездесетін сынақтарды қасқайып қарсы алуды үйрендім. Бұл әке тәрбиесінің бастауы. «Әкем мені құтқарады», «әкем бар», «әкеме айтам» деген сөздерді ешқашан да айтып көрген емеспін.

 Жігітке тән барлық қарым-қабілетті әкем бойыма дарытты. Қатал тәрбие, талапшылдық, жауапкершілік арқылы ержеттік. Әкем екеуіміз бірге бір жаққа шыққан кезде ол кісі маған өзінің жеткен жетістіктерін емес, өзінің жіберген қателіктерін жиі айтады. Сол кезде әкенің жүзінен қателіктері қалай жанын жегенін, сондай қателіктер жасамау керектігін терең түсінемін. Әкемнің бар байлығы, жеткен жетістігі – ұлықты ұлы, қылықты қызы.

Әкенің мықты мектебінен тәлім алып, үлкен өмірге аяқ басып, шаңырақ көтердім. Отбасымда көрген тәлімді, тәрбиені, сыйластықты шағын отаныма сіңірудемін. Зайыбым кішкентай қызыма әкеге деген құрметті үйретіп қойған. Небәрі 1 жастан асқан кішкентай Мединамның әкеге деген махаббаты, көңілі тым бөлек. Мен осы сәттен бастап әке болудың қаншалықты жауапты екенін түсіндім. Әке берген тәрбиені мың мектеп те бере алмайтынын ұқтым.

Әкенің мейірімі,басыңнан сипап күле қарағаны жаныңа жаз самалындай әсер етеді.Құшағына еніп көрші,ол құшақтан босағың келмейді.Әкенің жылы жүрегінен еркелетіп айтқан әр сөзді жүрегіңнің бір бөлігіне барып мәңгілік өнеге болып құйылып жатқандай.Осындай мейірімді,жылы жанды адам мені мына өмірдің кейбір қиыншылығынан қорғап,асқар белдерінен демеп асырып,сылдырап аққан бұлағынан нәр беріп,алып бәйтерегімен өмірдің аптабынан қорғап тұрған асқар тау сияқты көрінеді. Әке – әркімге де асқар тау, ана – өмір сыйлап,нәр берер бұлақ, бала – жағасындағы балауса құрақ.Әр әке арманы – құрақтың өсіп қатаюы, шыбықтың шыңдағы шынар болуы,балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін. Ендеше, әкелер арманы орындалсын деп тілеймін.

Қуаныш МҮСЛІМҰЛЫ,
 «Koksu jastary» филиалының жетекшісі  
Көксу ауданы

 

 

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.