Талдықорған: +20°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КӨНЕ ТАРАЗДАН ЖЕТКЕН КӨШ ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЕКІ КҮН ӨНЕР КӨРСЕТТІ

10.11.2021
РУХАНИЯТ
КӨНЕ ТАРАЗДАН ЖЕТКЕН КӨШ ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЕКІ КҮН ӨНЕР КӨРСЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлт руханиятының асыл өзегі саналған әдебиетіміз бен мәдениетімізді айшықтау, саналы ғұмырын ел игілігі үшін сарп еткен ұлы тұлғаларымыздың өнегелі өмірін, өміршең шығармаларын насихаттау, оны ұрпаққа аманаттау жүйелі жалғасын тауып келеді. Алты Алаштың маңдайына біткен бірегей тұлғалардың мерейтойлары ел көлемінде аталып өтіп, жыл сайын рухани кештер, ұлы тойлар дүбірлеп өтуде. Биыл қасиетті қара домбырасын жанына өмірлік серік еткен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы Түркия, Қырғызстан сынды бірқатар мемлекеттен тартып, еліміздің түкпір-түкпірінде тойланды. Талай дүлдүл ақын, дарынды жазушы, батыр мен бағланды қасиетті топырағында түлеткен Жамбыл облысы да рухани көш-керуенін жер жаннаты Жетісу жеріне бұрып, Мәдениет күндерін атап өтті.

Жамбыл облысының Алматы облысындағы мәдени күндеріне қатысуға келе жатқан делегацияны Ақтерек ауылының тұсында Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Әскербек Абаев, Ақтерек ауылдық округінің әкімі Ғани Шортанбаев күтіп алды.

Қордай ауданымен шектесетін бұл маң екі облыстың да түйісер тұсы. Жамбыл мен Кененді бір-біріне табыстырған да осы аймақ. Ұлылар дәстүрін жаңғыртқандай Әулиеата жерінен Жетісуға жол тартқан қонақтар алдымен Жамбыл ауылына барды. Жамбыл музейіне атбасын тіреген тараздық ағайын ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, кесенесіне тізе бүгіп, рухына құран бағыштады. Осындағы Нұрғиса Тілендиев кесенесіне де аялдап, ұлы композитор рухына тағзым етті. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек бастаған делегация музей ішін аралап көрді. Ондағы жәдігерлермен қадірменді қонақтарды музей меңгерушісі, ақынның ұрпағы Салтанат Жамбылова таныстырды. Тараздық ардагерлер мен зиялы қауым және облыстық әкімдік өкілдері одан кейін Талдықорған қаласына аттанып кетті.

Осы күні Талдықорған қаласының рухани ордасы саналар Б. Римова атындағы драма театрында Тараз шаһарындағы облыстық кітапханалардың «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» атты жылжымалы көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Тарихы мен мәдениеті терең кеткен аймақтың шежіресінен сыр шертер, ақын-жазушы, ғұламаларының шығармалары басылған 110 томдық «Тараз мұралары» тарихи-танымдық энциклопедиялық жинағы,  Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Күләш Ахметова, Несіпбек Дәутайұлы сынды қаламгерлердің кітаптары көрме ажарын ашқандай болды. Сонымен қатар, театр фойесінде «Тараз – Ұлы даланың көне шаһары» атты жылжымалы көрмесі қойылды. Мұнда  көне Тараз өңірінен табылған жәдігерлер, қыштан, қоладан жасалған білтелі шамдар, ұлт мақтанышы Ш.Мұртаза, Байзақ батыр, Ж.Үшкемпіров, дзю-до күресінен әлем чемпионы Е.Сметов сынды жамбылдықтардың картиналары қойылған. Оған қоса, Кенен Әзірбаев, Бауыржан Момышұлы сынды бірегей тұлғалардың өмірде қолданған, тұтынған заттары, киген киімдері де көрме сәнін келтірді.

Жамбыл облысының мәдени күндеріне арналған «Жаңғырған Жамбылдан – жерұйық Жетісуға!» атты мерекелік концерт аталмыш өнер ошағының сахнасында өрнек тапты. Жамбыл облысы филармониясының шымылдығын айқарған кеште алғашқы болып облыс әкімі Амандық Баталов сөз алды.

– Армысыздар, жер жаннаты Жетісу жеріне келген ардақты ағайын! Қадірменді қонақтар! Баршаңызды Жамбыл облысының Алматы облысындағы мәдениет күндерінің басталуымен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мәдениет – рухани құндылығымыз, тарихымызды, ұлы тұлғаларымызды ұлықтап, ұлтты ұлы істерге жетелейтін ел тетігі» деп атап өтсе, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Бейбітшілік, руханият пен келісім: бәрінің тамыры – мәдениетте. ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық пен мәдениет», – деген еді.

Әр жыл сайын Жетісу өңірі дүбірлеген тойлардан кенде болған емес. Биылғы жылы облысымызда ел Тәуелсіздігінің – 30 жылдығы, Жолбарыс бидің – 350, Наурызбай батырдың – 315, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың – 175, ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың – 90 жылдықтары және басқа да мерейтойлар кеңінен аталып өтуде. Қазақтың рухани алыбы Жамбылдың әрбір мерейтойы мемлекетіміздің мәртебелі белестерінің межесіндей. Жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, биыл облыс бойынша жыл басынан көптеген республикалық, облыстық, халықаралық шаралар өткізілуде. Жамбылдың жыл басында екі кітабы жарық көрсе, бүгінгі күнде 30 томдық кітабы шығарылды. Ақын туралы арнайы фильмдер түсіріліп, «Жетісу» телеарнасы, әлеуметтік желілер арқылы бабамыздың шығармашылығы халыққа кеңінен насихатталуда.

Маусым айында Жамбыл Жабаев бюстінің жөндеу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейі қайта жөндейді. Сәуір айында жастар арасында республикалық айтыс, 5 қараша күні халықаралық қырғыз-қазақ айтысы өтті. Сондай-ақ, жақын арада Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінде 30 томдық Жамбыл кітабының тұсаукесері жоспарланған, – деген облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөзін алға тартып, елдің бірлігінің артуы басты жетістік екенін атап өтті. Сонымен қатар, Жамбыл облысынан келген қонақтарымызға құрмет көрсетіп, делегацияны бастап келген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек арқылы Бердібек Сапарбаевқа Жетісу жерінің әсем табиғаты бейнеленген картинаны табыс етті.

Келесі кезекте, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиевтің  иығына шапан жауып, қазақы қонақжайлық көрінісін көз алдымызға алып келді.

Жамбыл облыстық филармониясының әншілері мен күйші, бишілерінің өнері бірден жетісулық көрерменді баурап алды. Ұлттық өнерімізді асқақтатып жүрген өнерпаздардың әр нөмірі тыңдарманның көңілін көкжиекпен астастырғандай болды. Ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйінен тартып қазақ күй қоржынындағы жақұт туындылар «Ерке сылқым», «Шахристандарды» оркестр сүйемелдеуімен әуелетсе, дәстүрлі әншілер жыр алыбы Жамбыл бабамыздың асқақ әндерін, халық әндерін тамылжыта орындады. Қазақы қанды тасытып, ұлы өнеріміздің құдіретін паш еткен әншілер ҚР Ақпарат саласының үздігі, ақын Ж.Оспанұлы мен композитор Г.Нұрасыловадай жерлестеріміз жазған «Ауылды ұмытып кетпеңдер» сынды жетісулық туындыларды да шырқау шегіне жеткізді. Саят Медеуов сынды әншілер осылайша ән әлеміне жетелеп алып кетсе, мың бұралған «Ақкербез» бишілер тобы тіптен көрермен көзайымына айналды.

Мәдениет күндерінің екінші тәулігінде рухани шаралар өріс тауып, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Иран-Ғайыптың «Жамбылдың қызыл жолбарысы» қойылымы сахналанды. Ғасырлық тарихы бар А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының аталмыш қойылымы көрерменді өткен ғасырға жетелеп, Жамбыл заманына, өнер өрісі кеңге жайылған кезеңге тартып алып кеткендей болды. Ұлы ақынның Айкүміспен, Құланаян Құлмамбетпен өткен айтыстары, сүйген адамы Бұрым екеуінің арасындағы тұнық сезім сахна тілінде сөйледі. Жан тебіренткен қойылым соңында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев пен Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры Руслан Сеңкебаев сөз алып, ақжарма тілектерін ақтарды.

Мәрлен Қапашұлы Алматы облысының бренді болған Алмахан Кенжебекова секілді жамбылдықтардың мақтанышына айналған бренді, ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанқызына камзол кигізіп, иығына ақ шәлі тартты. Өз кезегінде Руслан Сеңкебаев А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Мәлік Ақүрпековке жетісулықтар атынан шырайлы мекеннің ғажайып көрінісі бейнеленген картина сыйға тартып, Б.Римова атындағы драма театрының Алғыс хатын табыс етті. Өз кезегінде М.Ақүрпеков жетісулық жайдарман елдің өнерге деген шексіз махаббатына алғысын жеткізді.

Екі күнге созылған рухани керуен жамбылдықтардың өнер биігінде жүргенін айғақтағандай болды. Айта кетерлігі өнерінің киесі, өмірінің жүйесі берік жетісулықтар да желтоқсан айының алғашқы он күнінде киелі Тараз қаласына рухани көш-керуенін алып барып, Жамбыл мерейтойына орай өнерін паш етеді деп күтілуде.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

29.06.2026
Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.