Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КОРОНАВИРУС: АҚЫЛ АЙТУДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ

15 шілде 2020
РУХАНИЯТ
КОРОНАВИРУС: АҚЫЛ АЙТУДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде орын алған індетке орай соңғы  айларда өмір біршама өзгерді. Мектептер мен  балабақшалар қашықтан білім берсе, ата-аналар үйде жұмыс істеуге көшті. Қалыпты өмір ырғағы бұзылған кезде адам стресті жағдайға тап болатыны анық. Мұндайда  қиыншылық туралы ойланудың орнына, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген жөн. Осы орайда ата-аналарға пайдалы кеңес ұсынғым келеді. 

Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сол жолмен жүретінін ұмытпаңыз. Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досы бола біліңіз. Өзін және оны қоршаған ортаны, адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оның өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі.
Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз.  Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана ұрысатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.
Бос уақытыңызды үнемі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуіне мүмкіндік береді. Әр уақытта оған үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап  отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады. Оның жақсы бала екенін де еске салып отыру керек. Алайда, басқалардан артық емес екенін айтып отырған жөн, себебі оның тым тәкаппар және екіжүзді болып өспегені ләзім.
Балаңыздың таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны еш уақытта сынамаңыз. Әруақытта оның жақсы ісін бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін көрсетіңіз. Оның орнында өзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау мен шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырыңыз. Еш уақытта  осыған дейін жасаған қателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсенің барлығын өткен күнге қалдырыңыз.
Балаға тым қатты талап қойып, ұзын-сонар ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның жанын жаралайтын немесе намысына тиетін ащы әзіл не теңеулер, әжуа айтуды ешуақытта қолданбаңыз.
Егер сізді оның мінез-құлығы ренжітсе, бұл жайлы өзіне айтыңыз. Шектен тыс бақылауды азайтыңыз, бұл көп жағдайда табыс әкелмейді. Ақтай алмайтын үмітті, көтере алмайтын жүкті оған артпаңыз. Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашанда бала тәрбиесімен айналыспаңыз. 
Егер сіз шын мәнінде жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеуді көздесеңіз, бар тиімді әдісті, мүмкіндікті қолдануға тырысыңыз, бәлкім сонда ғана болашақта өз балаңызбен мақтана алатын боласыз.

Б. ИСАБЕКОВА,
«Балауса» балабақшасының психологі
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Бүгін, 10:00
Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Бүгін, 09:57
Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бүгін, 09:30
Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.