Талдықорған: +8°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Көш көлікті болсын!

11 сәуір 2018
РУХАНИЯТ
Көш көлікті болсын!
WhatsAppTelegramFacebook

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Көш көлікті болсын!» республикалық акциясы өтті. Акция Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Сыртқы істер, Әділет министрліктері, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және мемлекеттік емес ұйым жетекшілерінің қатысуымен партияның республикалық және аймақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде де көрініс тапты. 

Қоғамдық қабылдау бөлмесіне тәуелсіздік жылдары елімізге көшіп келіп, түрлі себептермен 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмай жүрген оралмандар мен этникалық қазақтар хабарласып,  тіркеуге алынды. 
Акцияға қатысушылар құзырлы мекеме басшыларына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жеке мәселелері бойынша көп мәлімет алды. 
– Акцияның негізгі мақсаты –  оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын күшейту, әсіресе, аудандар мен қалаларда атқарушы билік тарапынан орындалған шаруаларға бақылау жасауымыз қажет. Көші-қон заңнамасының кемелденуіне  байланысты елге оралатындар қатары жыл санап арта түсуде, – дейді  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Аманжол Жазықбаев. Облыстық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ержан Алтаев аталмыш акцияның жыл сайын өтетінін айтып, қазіргі күнде өңірде шетелден келген 11 мыңға жуық қандастарымыздың азаматтық ала алмай жүргендігін жеткізді. Себебі, оралман куәлігінің мерзімі өтіп кеткен.
– Өзбекстаннан көшіп келген едік. Куәлігімнің уақыты өтіп кетіп, ешқандай мекемеге құжатсыз бас сұға алмай жүргеніме біраз болды. Басылым беттерінен осындай акция болатынын естіп, қоғамдық қабылдауға келдім. Партиялықтар менің жазбаша өтінішімнің негізінде миграция басшылығымен бірлесіп, елшіліктен құжатымды қайта жасауға көмек беретінін айтты. Алғысым шексіз сіздерге, – дейді Қапшағай қаласы, Кербұлақ ауылының тұрғыны Жанат Ибадулаева. 
Акция барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалына 9 адам көмекке жүгініп, қажетті ұсыныс-кеңестер алып, құжаттарын рәсімдеуге мүмкіндік алды.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

Бүгін, 16:24
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03
Денсаулыққа салынған инвестиция

Денсаулыққа салынған инвестиция

Бүгін, 11:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.