Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КӘСІПКЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН ТІЛ БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

22 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
КӘСІПКЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН ТІЛ БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жариялаған «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты онлайн байқау мәреге жетті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Онлайн байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, кәсіпті қазақша сөйлету және тұтынушыларды мемлекеттік тілде сөйлеуге бейімдеу еді. Осындай үлкен мақсатқа бағытталған байқауға Талғар қаласы мен ауылдық округтерге қарасты Халыққа қызмет көрсету орындарының нысан иелері қатысты. Тіл тазалығын негізге алған байқаудың басты шарттары «Менің кәсібім – менің мақтанышым» атты тақырыпта өз кәсібін мемлекеттік тілде таныстыру, сонымен бірге, халыққа қызмет көрсету орындарында ҚР «Тіл туралы» Заңының 4-тарау, 21-бабының орындалу деңгейін көрсету.

Осы шарттарға сәйкес тапсырмаларды бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген байқауға қатысушылардың жұмыстары сараланып, жеңімпаздар анықталды. Өзара сынға түскен нысан иелерінің жұмысына көрнекіліктің эстетикалық әрленуі, Тіл заңы талаптарының сәйкестігі және берілген регламентті сақтау шарттары бойынша баға берілді.

Онлайн байқаудың қорытындысы бойынша 15 үміткердің ішінен бас жүлдені Тұздыбастау ауылынан қатысушы, №1 сауда орталығының басшысы Дәулет Халелұлы жеңіп алса, 1-орынды Талғар қаласынан жеке кәсіпкер, «Асхана» тамақтану орнының иесі Гүлзира Нүрилова қанжығасына байлады. Ал екі 2-орынды Панфилов пен Алатау ауылдық округінің кәсіпкерлері ұтса, екі 3-орынды Кеңдала мен Гүлдала ауылының кәсіп иелері бөлісті. Қалған қатысушылар тіл тазалығын сақтап, мәртебесін асыруға атсалысқандықтары үшін Алғыс хат, дипломдармен марапатталды.

— Байқаудан бөлек «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы аясында зерделеу жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Оны 12 жұмысшы топ бақылайды. Соған байланысты жарнамасы жөнді емес нысан иелеріне ескертулер жасалып, кемшілікті түзетуге арнайы мерзім беріледі. Биылға 3318 нысанға аталған акция бойынша бақылау жүргізілді, – дейді Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ұлбосын Ақжігітова.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.