Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘЛИЯ НАЗАРБАЕВАНЫҢ ҚОРЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗЕДІ

19 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
ӘЛИЯ НАЗАРБАЕВАНЫҢ ҚОРЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын көктем айы қуанышты жаңалықпен бастау алады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлия Назарбаева қорының «Жандану әлемі» авторлық жобасы – Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының кезекті маусымы өз шымылдығын түруде.

Ұйымдастырушылар 8 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды еліміздің музыкалық жобасына қатысуға шақырады. 26 наурыз бен 15 мамыр аралығында қашықтық форматта іріктеу туры өткізіледі. Бұл – талантты балаларға өздерін танытуға және өз өнерін көрсетуге тамаша мүмкіндік. Өтінімдер www.baladauysy.kz сайтында қабылданады.

«Бала дауысы» – бұл әлеуметтік жоба болғандықтан балалардың қатысуы тегін. Жобаның мақсаты – дарынды балаларды анықтау, қолдау және шығармашылық әлеуетін арттыру.

Байқау аясында балалар әндерінің жинағы жасалады, оның авторлары 17 аймақтың балалар композиторлары болып танылады. Осы жылдың қазан айында жинақ мектептерге тегін беріледі және конкурстың ресми сайтында қол жетімді болады.

Конкурстың ауқымы жылдан-жылға кеңейіп, оған қатысуға өтінім  берушілер саны артуда. Жобаға қатысушы вокалистер үлкен сахнаға шығу үшін жан-жақты даярлықтан өтеді. Демек, дауыс қою, музыкалық шығармаларды дұрыс орындау, актерлік қабілетті, вокалдық шеберліктің дамыту бойынша жұмыс жасалады. Осы жинақтаған тәжірибесі мен өнерін жас қатысушылар конкурстың финалында көрсетеді.

Алдыңғы маусымдарға қатысушылар да кәсіби сахнадағы алғашқы қадамдарын жасауда. Атап айтар болсақ,  2016 жылғы конкурс финалисі Садраддин Болат бүгінде миллиондаған жанкүйерлері бар танымал орындаушылардың музыкалық рейтингін басқарады. Ал Мария Затварницкая Мәскеу қаласындағы Г.Вишневская атындағы музыкалық колледжінде білім алуда.

Жобаның соңғы концерттік бағдарламалары орасан зор шоуға айналып келеді. Биыл байқаудың қорытындысы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында шығарылатын болады. Финалдың көрермендері мен қонақтарын екі концерттік бағдарлама күтеді, онда балалар музыкалық бэндтің сүйемелдеуімен қазақстандық және шетелдік эстраданың танымал композицияларын орындайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.