Талдықорған: +18°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҰЛТ ҮНЖАРИЯСЫ: ҚАЗАҚ РАДИОСЫНА – 100 ЖЫЛ

30.06.2021
РУХАНИЯТ
ҰЛТ ҮНЖАРИЯСЫ: ҚАЗАҚ РАДИОСЫНА – 100 ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

1921 жылғы 29 қыркүйекте Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесінің шешімімен республика орталығы болған Орынбор қаласында радиохабарлар желісі іске қосылды. Қазақтың үні алғаш рет әуе толқынына шықты. Биыл осынау тарихи оқиғаға 100 жыл толады.


Қазақ радиосының құрылғаны ең үлкен жаңалық ретінде елімізді қуантты. Өйткені, баспасөз толық қалыптаспаған заманда «қағазсыз газеттің» қоғамдағы рөлі өте жоғары еді. Радио айшылық алыс жерлерді жедел қамтып, шұғыл ақпаратпен қамтамасыз етті. Шерхан Мұртазаның сөзімен айтсақ «Алыс ауылдар, қияндағы қыстаулар радиосыз қалса, оларға күн тұтылғанмен бірдей» еді.

Радионың өсу жолдарына назар салсаңыз, көп нәрсені аңғарасыз. Уақыт жүгін арқалаған, тыңнан сүрлеу салған аға ұрпақ журналистерінің ерен еңбегіне куә боласыз. Олар ел үшін, қазақтың ертеңі үшін қызмет етті. Алдыңғы толқынның өнегелі өмірбаянын бүгінгі өскелең ұрпағы мақтан етсе жарасып тұрғандай.

100 жыл демекші, бұл санды дәлелді құжаттармен анықтап, радио тарихын түгендеу жолында жалықпай ізденген ғалымдардың бірі профессор Намазалы Омашев. Ол кісі бұған дейін айтылып келген деректі қайтадан жаңартты. Сөйтіп Қазақ радиосының жасын он жылға өсірді. «1931 жылдан басталады дейтін Қазақ радиосының түп төркіні 1921 жылдан бастау алатынын дәлелдеу үшін ойға да, қырға да шапқыладық» деп жазады бұл туралы Намазалы Омашев.

Ең қуанарлығы, сол бір сындарлы кездердің өзінде Қазақ радиосы ұлттық мүддені сақтауға барын салды. Қолдан келетін мүмкіндіктердің бәрін пайдаланды. Соның арқасында елдің өршіл рухына жан бітірді. Өнеріміз бен әдебиетімізді насихаттаудан танған жоқ.

Мына бір мысалға қа-раңыздаршы. 1931 жылдың күзінде Сәкен Сейфуллин радиодан сөйлейді. Әнші Шәркүл Әшірованың орындауында Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін тыңдап, оны эфирге жиі шығаруды тапсырады. Мұны дұрыстап дайындау музыка бөлімінің меңгерушісі Борис Ерзаковичке жүктеледі. Кейін ол әнді қазақтың бұлбұлы атанған Күләш Байсейітова шырқаған екен. Қазақ радиосының алғашқы басшысы Айтбай Хангелдиннің естелігіндегі жай осылай баяндалған. Мұны оқыған кезде аталарымыздың ұлттық құндылықтарды сақтау үшін қалай жан аямай күрескендерін анық аңғарамыз.

Радио қызметкерлері үнтаспаға түсірген сол дауыстар қазір «Алтын қорға» айналды. Ұлтымыздың рухани қазынасын толықтырған қымбат жәдігерлер ретінде бағаланады. Уақыт сынынан сүрінбейді. Қазір де кешегідей жарқын. Жүректі тербеп, жаныңызды тебірендіреді.

Бір ғана Әнуарбек Байжанбаевтың өзі дәуірмен иық тірестіріп, Қазақ радиосының даңқын арттырып тұр. Мұндай дарынды тұлғалар аз емес. Байжанбаев мектебінің үздік өкілдері ретінде Зәмзәгүл Шәріпова, Мәмбет Сержанов, Сауық Жақанова, тағы басқа осы тектес құлақтан үні кетпес дикторларды атауға болады. Қазақ радиосына басшылық жасаған жайсаң жандар дегенде   Кенжеболат Шалабаев, Кеңесбай Үсебаев, Хамит Хасенов, Камал Смайылов, Ғаділбек Шалахметов, Сағат Әшімбаевтар ойға оралады. Олардың әрқайсысын бір-бір Алатауға теңесе де артық болмас. 

Сексенінші жылдары Қазақ радиосын басқарған Қуанышбек Орманов өзінің естелігінде былай деп жазған екен: « Қазақ үнінің таралу аймағы кеңейіп, оны жарты әлем тыңдайтындай дәрежеге жеткіздік. Шет елдерге жеті тілде – қазақ, орыс, неміс, корей, ағылшын, ұйғыр, татар тілдерінде хабар беретін болдық» дейді.

Ел Тәуелсіздігінен кейін Қазақ радиосының жолы мен жөні өзінің ұлттық сипатына қарай жетіліп, қайтадан түледі. Рухы асқақтады. Егемендіктің алғашқы репортаждарынан бастап, күні бүгінге дейінгі жайдарман жаңалықтары елді ерлікке, ерді елдікке шақырып, намысты қамшылайтын қуатқа ие болды.

– 100 жылдық мерейтойдың кіріспесі Алматы облысында басталды. Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Қазақ радиосының ардагерлері, Елорда мен Алматыда еңбек етіп жатқан журналистер мерекелік шараның құрметті қонағы болды. Оларға сыйлықтар мен марапаттар табысталды.

Ұйымдастыру жұмыстары мұнымен шектелген жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында, Шымкент пен Қызылордада «Қазақ радиосы» көшелері пайда болды. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінде өткен «Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені» атты халықаралық конференцияға алыс, жақын шетелдерден айтулы ғалымдар қатысты. Ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, «радиокөпір» құрылып, түркі тектес халықтармен әріптестік байланыс орнатылды. Қазақ радиосы жас ақындарды «Еркін елдің ертеңі» атты мүшәйраға шақырып отыр. Жыр жарысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады. Мерейтойлық шаралар ары жалғаса береді, – дейді «Қазақ» және «Шалқар» радиолары Алматы студиясының жетекшісі, ақын Бақыт Жағыпарұлы.

Біз де байтақ елін  Гимн сазымен оятатын әріптестерімізге ақ тілегімізді арнап «Қанатың талмасын, дауысың самғасын, Қазақ радиосы!»  дегіміз келеді! 

Болат МӘЖИТ

Қатысты жаңалықтар

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
«Таза Қазақстан»  Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов

«Таза Қазақстан» Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов

03.07.2026
Ғалымдар литий алудың бірегей әдісін тапты

Ғалымдар литий алудың бірегей әдісін тапты

03.07.2026
Жетісу облысында сел жүру қаупі бар

Жетісу облысында сел жүру қаупі бар

03.07.2026
Талдықорған жағажайында тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Талдықорған жағажайында тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылды

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.