Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ұлттық ойын — тәрбие құралы

16 ақпан 2018
РУХАНИЯТ
Ұлттық ойын - тәрбие құралы
WhatsAppTelegramFacebook

Әр халықтың ерекше құрметтейтін ұлттық ойындары болады. Ол атадан балаға мұра ретінде жалғасқан құндылықтардың бірегейі. Қазақ халқының ұлттық ойындары мазмұны тереңдігімен қоса, жас ұрпақ бойына батырлық, төзімділік, алғырлық сынды ізгі қасиеттерді қалыптастыратындығымен құнды. 

Ұлттық ойындарымыздың басым көпшілігі өжеттікті, шапшаңдықты, тапқырлықты, төзімділікті әрі білек күшін қажет етеді. Бұл орайда этнограф Ә. Диваев өзінің «Игры киргизских детей» еңбегінде қазақтың ұлттық ойындарын, бүлдіршіндер, ересек балалар, жігіттер ойыны деп үш топқа бөліп қарастырғанын айта кеткен жөн. Этнографтың дәлелдеуінше  халық ойындары балалардың қимыл қозғалысын дамытумен қатар, денсаулы-    ғын нығайтуға себеп болған.
Қазақтың біртуарлары       А. Құнанбайұлы, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин ұлттық ойындардың балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнінің жоғары екендігін айтып кеткен. М. Жұмабаев болса «Халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, тілдің, ойдың дамуының негізгі элементі», – деп тұжырымдаған.
Ұлттық ойын жас ұрпақтың ой-өрісін дамытумен бірге өз халқының асыл-мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізудің бірден-бір жолы. Негізінен, баланы ойыннан ажырату оның дамуына кедергі жасау, әлемді тану қабілетін тежеу болып табылады. Ойын – баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі. Ол  ойнап жүріп өмірді таниды, өзін болашаққа бейімдейді.
Қазақта жүзден аса ойын түрі бар. Соның ішінде ұлттық ойындардың жиі қолданылатын түрі «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Ханталапай»,  «Соқыртеке», «Ақсерек, Көксерек», «Қыз қуу». Бұл тұрғыда айталық, аға ұрпақ өз білгенін, көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас етті. Ойнай білген бала сол халықтың мінез-құлқынан, ой-санасынан, тұрмыс-салтынан хабар алады. Ұлттық ойындар халық педагогикасының негізі бір саласы ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруде, дүниені тану қабілеттерін жетілдіруде аса қажетті тәрбие құралы. Ұлттық ойындарды тәрбие құралдарына айландыру үшін  бірқатар әдістемелік талаптар сақталу қажет. Ол үшін ұлттық ойындарды білу, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу, тәрбиелік маңызын зерделеу, ережесін сақтауды естен шығармаған жөн. 
Ұлттық ойындарды оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру үшін сабақта да қолдануға болады. Мысалы «Көкпар» ойыны  оқушылар топқа бөлінеді, әр топқа  тапсырма беріледі, тапсырманы бірінші дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді. «Асық» ойыны  тақтада тапсырма жазылған асықтар ілінеді, оқушылар топқа бөлінеді. Әр топтан шығып тапсырманы орындағандар, асықты ұтып алады.
Балалар үшін еңбек, қуаныш, жетістік, тарих саналатын  ұлттық ойындарымызды жаңғыртып, қадірлеу ұрпақ мойнындағы парыз. 

Гүлнар СӘРСЕНБЕКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Бүгін, 18:05
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Бүгін, 17:01
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Бүгін, 16:03
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.