Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МҰҚАҒАЛИДЫҢ ҰЛЫ ТАЛДЫҚОРҒАНҒА КЕЛІП, ӘКЕСІ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР АЙТТЫ

28 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
МҰҚАҒАЛИДЫҢ ҰЛЫ ТАЛДЫҚОРҒАНҒА КЕЛІП, ӘКЕСІ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ поэзиясының інжу-маржанын шығармашылығына түзген телегей талант иесі, мұзарт таудың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орайластырылған игі шаралар жер-жерде шымылдығын түріп, иісі қазақ сақарасында мерейлі кештер салтанат табуда. Ақынның кіндік қаны тамған атырапта бастау алған рухани кештің бірі Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кездесу кешінің шымылдығын облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Жұматай Оспанұлы ашып, жүргізіп отырды. Ол қасиетті Қарасазда от жүрегін тулатып өмірге келіп, күллі қазағының жүрек төрінен тақ сайлаған талант-тақсырының қуат-күшін, шығармашылық кеңістігін, рухани әлемі мен өміріндегі есті естеліктерін айрықша атап өтіп, кездесу кейіпкерлерін таныстырды.

Өз кезегінде алғашқы болып сөз алған Алматы облыстық мәдениет, арихвтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев ұлы ақынның шығармашылығы туралы тебірене термеледі. Сонымен қатар, қазақ поэзиясының құдіреті жайлы сөз етіп, ақын шығармашылығын насихаттау, есімін ұрпаққа үлгі ету мақсатында атқарылып жатқан ілкімді істерге тоқталып, Мұқағалидың ұлы Жұздыз бен келіні Бақытгүлдің иығына оқалы шапан мен камзол жапты. Сонымен қатар, ақын мұрасын насихаттаушы, қазақ сатира өнерінің сайыпқыраны Асқар Наймантаев пен ҚР Халық әртісі Алмахан Кенжебекова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбаевқа да ерек құрмет көрсетілді.

Мен ХХІ ғасырдың құрдасымын деп есті естелігінде шығармашылығы жайлы ғажайып тұжырым жасап кеткен текті ақынды еске алу кешінде Рамазан Жұмабайұлы атты балауса жас шайырдың «Наурыз» өлеңін тебірене оқыды. Ал асылдың тұяғы, көненің көзі болған Мұқағали баласы Жұлдыз әкесі туралы естелігімен бөлісті. 1976 жылы Мұқағали ақын қаза тапқаны Жұлдыздың есінде мәңгі сақталып қалыпты. Ақынның жаназасы шығарылар күні аспан алабұртып, ақ жауын себездепті. Ұлы денені Кеңсайдың құшағына табыстап, онда Әбділдә Тәжібаев, Әбу Сәрсенбаевтар ақтарыла сөйлеп, қайтар жол сілеміне түскенде Кеңшілік Мырзабеков Жұлдызға: «Ақ жауынға сыймаған әкең қара жер қойнына сыяр деймісің?! Көресің, күні ертең-ақ әкеңнің даңқына қанық боласың!» — деп басу айтыпты. Жадында жаңғырып қалған осындай естеліктерді ақтарған Жұлдыз Мұқағалиұлы шындығында әкесінің асқақ болмысы жыл өткен сайын заңғарланғанына куә болғанын ерекше атап өтті.

– Мұқағали атамның өлмес өлеңі өміріміздің шырақшысындай болды. Жұлдыз екеуміздің қызымыз 22 жасында жалған дүниемен қоштасып, қара жамылып, қайғы шектік. Қашанда атаның отты жырымен жылынатын жанымызға ақын өлеңінен ем іздедік. Сол уақытта «Атам бізге осындай түнектен алып шығар шұғылалы жыр жазып қалдырған болар» деп томдығын ашып қалғанда:

«Қайсыбір, қатыгез сағатта,

келеді өмірді тастағың.

Сонда да үмітті жоғалтпа,

Қаралы күндерден қашпағын…»  – деп келетін жыр жолдарын оқып, қуат алдық, – деп тебіренген Бақытгүл Қыдырбайқызы ақынға келіндік міндетті атқара алмағанымен, оның рухына қызмет ету бақыты бұйырғанын тебірене жеткізді. Өз кезегінде ол «Мұқағали» қорының шығарған «Өмірдастан» кітабы мен ақын энциклопедиясын М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына табыс етіп, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Көлбаевқа, ұлы ақын жырларын оқыған жас өлеңсүйер балаларға кітап үлестірді.

Ақын туған топырақта өмірге келіп, рухани ұстазы тұтып, өзі те деатр және кино өнері саласында ерен еңбек еткен ҚР Халық әртісі Алмахан Кенжебекова сөз сөйлеп, ақынға деген арнауын оқыса, сатира саңлағы Асқар Наймантаев әр буынның өз Мұқағалиы барын, алып ақын ғасырлар өтсе де, замандар ауысса да, келер ұрпақтың ыстық тамырында тулап ағатынын ерекше атап өтті.

Ғажайып сыр шертілген, ақын әлемі туралы толғаныстар мен тебіреністер термеленген кеште балғын жастар өлең оқыса, «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» облыстық мүшәйрасының жеңімпазы Азамат Нұрмұхан ақынға деген арнауын ақтарды. Театр өнерінің майталманы Кендебай Темірбаев ақтаралы сөз сөйлеп, ән әуелетсе, Құралай Шаяхметова, Бақытгүл Әбенова сынды әншілер ақын сөзіне жазылған әннен шашу шашты.

Ұлы махаббатпен жыр түлеткен қазақ жырының жанартауы жайлы өткен ғажайып кештен көрермен ерекше әсермен тарқасты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.