Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАХАМБЕТ ПЕН КЕНЕСАРЫ ДА ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ

31 мамыр 2019
РУХАНИЯТ
МАХАМБЕТ ПЕН КЕНЕСАРЫ ДА ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарасай аудандық кітапханасында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ғылыми конференция өтті. Жиынға қатысушылар алдымен халқымыздың тарихында қасіретті жылдар саналатын қолдан жасалған ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Конференция қонағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов шын мәнінде жеріміздегі саяси қуғын-сүргін Қазақстанның Ресейге қосылған сәтінен басталғанын мәлімдеді.

— Азаттықты аңсаған, тәуелсіздікке үндеген әрбір адам патшалық Ресей тарапынан жазаға тартылып отырғаны бәрімізге белгілі. Махамбет пен Кенесарының басы алынып, Бекболаттың дарға асылуы осының бір ғана айғағы. Ал отарлаушыларға қарсы әрекет жасағаны үшін «итжеккенге» айдалып кеткендер, қызыл империяның ұлттарды жаныштау саясатына наразылық білдіргендігі үшін сотталғандар қаншама?! Үш ғасырға созылған бұл әділетсіз қоғамның соңғы құрбаны Қайрат Рысқұлбеков болған еді, — деді Хангелді Махмұтұлы.

Келесі сөз алған Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры, жазушы, аудармашы Әлімғазы Дәулетхан ХХ ғасырды қазақ халқының қасіретті ғасыры дей келіп, қызыл империяның тепкісіне шыдамай, шетелге қоныс аударуға мәжбүр болған қандастарымыздың басынан кешкен қайғы-қасіреті жайында әңгіме өрбітті. Шекара асқан отбасының шаңырағында Қытай елінде дүниеге келіп, ондағы Шығыс Түркістан Республикасын құру идеясын қолдағаны үшін қуғынға ұшыраған, өз Отанына 1969 жылы қашып келгеннен кейін 17 жыл бойы «Азаматтығы жоқ адам» ретінде ешқандай құқықсыз кешкен тірлігі естіген жанның жүрегіне жүк түсірді.

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Досалы Салқынбек алдымен сол зұлмат заман жайлы жазылған кітаптарды кітапхана қорына сыйлай келіп, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің себептері мен салдарына тоқталды. 1937 жылғы қызыл қырғын кезінде қырғыздардан – 40, өзбектерден – 7, тәжіктерден – 1 адам атылса, қазақтардан 25 мың адам нысанаға іліккенін өкінішпен айтып өтті. Досалы Салқынбек болашақта мұндай нәубеттердің қайталанбауы үшін өткеннен сабақ алуымыз керектігін тілге тиек етті.

Қарасай ауданының Құрметті азаматы, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы өңірдегі білім беру саласындағы кеңес дәуірінде орын алған келеңсіздіктер мен ана тілімізге қатысты бұрмалаушылықтар жайында айтса, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Ақлима Көсемова Қарасай ауданында дүниеге келіп, ұлттың болашағы үшін қызмет жасаған, сол үшін қызыл империяның қырғынына ұшыраған Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Жұбаныш Бәрібаев, Мағазы Масаншының өмірі мен қызметі жайында қызықты деректермен таныстырды.

Ғылыми конференцияны аудан әкімінің орынбасары Гүлжан Дүйсенова мен кітапхана директоры Ұлдархан Өтеева қорытындылады. Олар мәртебелі меймандарға жұртшылық атынан алғыс айтып, сый-сияпат  көрсетті.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.