Талдықорған: +11°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАСС-МЕДИА МӘДЕНИЕТІ

27 қараша 2017
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сананың ашықтығы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған ІІІ халықаралық медиа форум өтті. Екі күнге созылған алқалы жиында бірқатар өзекті мәселелер сөз болды. 

Атап айтқанда, қоғамды рухани жаңғырту мен сананың ашықтығын қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, кәсіби этика жайы, сонымен қатар, көпэтносты қоғамда масс-медиа мәдениетін дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Форумның алғашқы күнінде Қымбат Досжан, Қанат Әуесбай, Нартай Аралбайұлы, Қымбат Қангелдина, Ерлан Игісінов сынды танымал отандық тележурналистер шеберлік сабақтарын өткізіп, қоғамды рухани жаңғыртудағы тілшілердің рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. 
Ал форумның екінші күні TEDx форматындағы халықаралық конференцияға ұласты. Аталған шараға ҚХА Төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев, ҚР Парламентінің депутаттары, Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген сарапшылар мен отандық медиа саласының білгірлері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттері қатысты.
Жиынды «Хабар» телеарнасы директорының орынбасары Ерлан Игісінов ашып, жүргізіп отырды. Форумның кіріспе сөзінде Дархан Мыңбай бұл басқосудың маңызды тұстарына тоқталды.
– Осындай медиа форум алаңдары білікті маман даярлауда және болашақ журналистерімізді қалыптастыруда, ұлтаралық, этносаралық мәселелердің шешілуіне септігін тигізетін зор мүмкіндік, – деді Дархан Қамзабекұлы.
Бұдан кейін сөз алған ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев аталған іс-шара еліміздің әлеуметтік және қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға екенін айта келіп, форумға қатысушыларға сәттілік тіледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов осындай игілікті іске атсалысу университет үшін үлкен мәртебе екенін сөз етті. 
Алғашқы болып медиа форум мінберіне көтерілген «Қазақстандық медиа альянс» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Арманжан Байтасов «Кәсіпқой қауымдастықтар және олардың медиа ортадағы ұстанымы» атты тақырыпта баяндама жасаса, бүкілресейлік мемлекеттік телерадио компаниясының саяси шолушысы Кирилл Привалов қазіргі заманғы журналистиканың әлемдік үрдістері жайында ой өрбітті. Сонымен бірге, «Қазақ мәдениетін әлемде ілгерілету – мемлекет пен БАҚ рөлі» деген тақырыпта Германиядан келген әлеуметтік психология саласының халықаралық сарапшысы Константин Шамбер сөз қозғады. 
Қазақ ұлттық өнер институтының доценті, «Ikerim.kz» сайтының негізін қалаушы Айгүл Мүкей «Масс-медиа саласында тұлғаның қалыптасуы» жөніндегі баяндамасын тыңдаушылардың назарына ұсынды. Сондай-ақ, шара аясында латвиялық журналист Владимир Решетов, Өзбекстаннан келген «Норма» экономикалық-құқықтық газетінің арнаулы тілшісі Гульнора Абдуназарова, қазақстандық блогер Өркен Кенжебек түрлі тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салды. Әрі осы барыста баяндамашылар форумға қатысушылардың қойған сауалдарына тұшымды жауаптар қайтарды.
– Шығармашылық адамдармен журналистердің жіті араласып, пікір алмасып, ой бөлісуінің маңызы зор. Соның нәтижесінде ұлтаралық бірлік, түсіністік пен татулық одан сайын өркен жаяды. Бүгінгі медиа форумның барысында осы жайларға ерекше мән берілгені бәрімізді қуандырды, – деді «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов аталған шарадан алған әсерін бізбен бөлісіп. 
Форум соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер арасында жыл сайын өткізетін «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Болат МӘЖИТ

Қатысты жаңалықтар

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 15:45
Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Бүгін, 14:30
Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Бүгін, 12:13
Мұрадан – Гарвардқа!

Мұрадан – Гарвардқа!

Бүгін, 11:34
Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.