Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАЖАРСТАНДА ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН БАСҚОСУ ӨТТІ

17 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
МАЖАРСТАНДА ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН БАСҚОСУ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Будапештте Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі Мажарстанның Сыртқы істер және сауда институтымен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Шара барысында Мажарстан Премьер-Министрінің сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі, Венгрия ұлттық жиналысының депутаты Янош Бала, «Мажарстан – Қазақстан» парламенттік достық тобы басшысының орынбасары, Сыртқы істер институтының директоры Шандор Ковач мырза негізгі баяндамашылар ретінде сөз сөйледі. Сонымен қатар, «дөңгелек үстелге» Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрлігінің, дипломатиялық корпустың және әр саладағы іскер топтардың өкілдері қатысты.

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов алғысөзінде қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген ел жетістіктері, Республика Президентінің жүргізіп жатқан саяси реформалары туралы хабардар етті. Елші өз сөзінде тәуелсіздіктің отыз жылын үш онжылдыққа бөліп қарастырып, оның әрқайсының тарихи маңызына тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Мажарстанның тарихи тамырластығы, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастығы жайлы сөз болды.

– Әсіресе, Мажарстанда тұратын қыпшақ ағайындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға үлкен көңіл бөлетінімізді атап өткім келеді. Қазақ және мажар халықтарының бай мәдени мұрасының дәнекері – Түркітілдес халықтардың құрылтайы екенін естен шығармауымыз керек, – деп атап өтті Жәнібек Әбдірашов.

Янош Бала мырза өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде экономикасы дамыған құқықтық мемлекет ретінде танылып, сыртқы саяси аренада орасан зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті. Шандор Ковач мырза қазіргі Қазақстан – халықаралық қоғамдастықта зор беделге ие болғанын, Мажарстанның сенімді серіктесі екенін айтты. Венгрия Сыртқы істер және сауда институтының сарапшысы Ласло Васа мырза Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы, қоғамды демократияландыру мен адам құқықтарын қорғауға бағытталған саяси реформаларды дәйекті жүзеге асырудағы табыстарын жоғары бағалады. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстан басшылығының тәуелсіз және қуатты мемлекет құрудағы сіңірген еңбегін де кеңінен сөз етті.

Жанар МАҚСҰТҚЫЗЫ,

«Мажар – Тұран» халықаралық қорының баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.