Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАЗМҰНДЫ МОНОСПЕКТАКЛЬ

04.03.2025
РУХАНИЯТ
МАЗМҰНДЫ МОНОСПЕКТАКЛЬ

Кейде өмір біз ойлағандай жарқын, мерекеге толы бола бермейді. Әр адамның жанында өзі ғана білетін мұң, жүрегінде  өзге  естімейтін сыр бар. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры сахнасында көрермен назарына ұсынылған Баян Қажынәбиеваның «Туған күн» атты моноспектаклі дәл осындай ішкі әлем арпалысын, жанның көзге көрінбес жарасын суреттейтін терең драмалық қойылым.

Иә, қойылым атауы көңілді әсер қалдырғанымен  сахна шымылдығы түрілген сәттен бастап-ақ көрермен өзге әлемге енеді. Бұл мерекелік шаттық емес, адам жанының жанартаудай атқылаған, күрмеуі шешілмеген сауалдарға толы тереңдігі десек те болады. Дәл сол әлемнің есігін көпшілікке ашқан  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, талантты актриса Назгүл Қарабалина.

Сахнада  бір ғана актриса. Жалғыз кейіпкер, мың тағдырдың үні. Бірақ ол сомдаған бейне бір адамның емес, мыңдаған жүректің үні секілді. Оның сөздері тек кейіпкердің емес, әр көрерменнің жан дүниесінде тербелген ойларға айналды. Назгүл өз кейіпкерінің сезімін, күйзелісін жүрегімен жеткізді. Бір сәт оның жанарында шексіз мұң мен өкініш ойнаса, келесі сәтте үміт оты жылт етті. Бұл – актерлік шеберліктің шыңы, шынайылықтың көрінісі.

Кейіпкер өткенге үңілген сайын көңілінде жазылмаған жаралар қайта ашылып, жүрек түкпіріндегі сағыныш пен өкініш жанына  бата  түседі.  Ол тағдырын  өзгерткісі келгенімен өткеннің бұралаң жолдарын кері айналдыру мүмкін емес. Кейде біз дұрыс емес таңдаулар жасаймыз, сол таңдаулардың салмағы өмір бойы бізбен бірге жүреді. Қойылым осы ойды тереңнен қозғап, көрерменді өз өміріне үңілуге итермелейді.

Оның «дүниедегі ең сорақы қайыршылық, ол санадағы қайыршылық» деген сөзі отырғандардың санасын бір сілкіндіргендей болды. Алайда, сахнада сөзден де күшті нәрсе – үнсіздік. Назгүл Қарабалинаның үнсіз ойға шомған сәттері, бос кеңістікке қадала қараған көзқарасы көрерменге ерекше әсер етті. Құдды ол сахнада рөл сомдап тұрған жоқ, өмір сүріп тұрғандай.

Қойылым аяқталған сәтте залда бір сәт үнсіздік орнады. Бұл үнсіздік әсердің, толқыныстың, тебіреністің белгісі ме дерсіз. Көрерменнің әрқайсысы өз ойына терең бойлап, кейіпкердің ғана емес, өз өмірінің де қалтарыстарын ой елегінен өткізіп үлгергендей. 

Назгүл Қарабалина сахналаған «Туған күн» бір кештің ғана емес, тұтас өмірдің қойылымы болды. Бұл спектакль көрерменнің жүрегінде ұзақ сақталатын, әр адамның жан дүниесінде жалғасын табатын туынды.

Айғаным Әбілтайқызы,
Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының 
әдебиет бөлімінің меңгерушісі

 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.