Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

4 қыркүйек 2024
РУХАНИЯТ
МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаннат мекен Жетісу жерінде орын алып жатқан жайдарман жаңалықтардың қатарында Қоғалы ауылында ашылған Мәдениет үйі де бар. Киелі Күреңбел өңіріне қарасты аталмыш елді мекендегі рухани ошақ күрделі жөндеу жұмысынан кейін қайта ажарланып, заман талабына сай қалыпқа келтіріліп, жаңарып-жаңғырып жұртшылық игілігіне берілді. Конституция күніне орай тұрғындар көптен күткен жақсылыққа көзайым болып, мерекелік шараны тамашалады.


Мемлекеттік мерекеге тұспа-тұс келген мерейлі сәтте Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов сөз алды.

– Мәдениет – ұлттың мәйегі, рухани қайнар көзі ғана емес, негізгі саланың бірі. Біз бұл саланы жаңғырту арқылы елдің рухын, өткені мен бүгінін жаңғыртамыз, ұлы мұраларды қалыптап, тың дүниелерді ұрпаққа мирас етеміз. Біздің жас өрендер сапалы білім, саналы тәрбие алып қана қоймай, мәдени, әдеби тұрғыда да таным көкжиегін кеңейтуі тиіс. Кешегі бабалардай тарихта атын, соңында ізін қалдыруы керек. Ол үшін де мәдени қолдау ауадай қажет. Ал көптен бері тұрақтап, бүгін күрделі жөндеуден кейін әсем келбетімен өздеріңізге есігін айқара ашқалы тұрған Мәдениет үйінің қуанышы баршамыздың игілігіміз деп білемін, – деген аудан әкімі  көпшілікті Конституция күнімен құттықтады.

Өңір басшысының лебізінен кейін аудандық мәслихат төрағасы Қайрат Бекеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бөкен Рысбеков, мәдениет саласының ардагері Людмила Пинчина сөз алып, ыстық ықыластарын білдірді. Рухани, мәдени тұрғыда үзік-үзік толғамдарын жеткізіп, соңыра мәдениет үйінің лентасын салтанатты түрде қиды.

Өз кезегінде көпшілік жаңғырған Мәдениет үйіне еніп, Ата заң мерекесі аясында өткен концертті тамашалады.

– Бүгін біз үшін ерекше күн. Мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Осынау рухани орда ішінде кітапхана желісі жұмыс жасайды. Мен кітапхана меңгерушісімін. Біздің кітапханада 39 мың кітап қоры бар. Жаңа ашылған Мәдениет үйінде, соның ішінде көптеген игі шаралар өтетін болады, сол үшін қуаныштымын, – дейді 35 жылға жуық кітапхана тізгінін ұстап келе жатқан Райхан Байтаева. Ал, бұл орайда Қоғалы ауылының тұрғыны Кенжегүл Нұрсұл-танова:
– Бүгін менің өмірімнің бақытты күндерінің бірі. Қоғалы ауылында қуанышты оқиға болды. Бұл елді мекенде жөндеуден кейін Мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті. Заманауи архитектуралық әрлеу ауылдың келбетіне сәйкес келеді. Осы мәдениет мекемесін пайдалануға бергені үшін облыс, аудан, ауыл әкіміне, құрылысшыларға шексіз алғысымды білдіремін, – деп алғыс арнасын облыс, аудан басшылығына білдірді. 

Ескеретін бір дүние, аудан әкімі Қанат Болатұлының айтуынша Мәдениет үйінің құрылысы 2020 жылы басталғанымен шегіне жетпей жұмыс тоқтаған. Бастапқы мердігермен келісімшарт үзілген. Биыл осы Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысы бойынша «ЖетысуКазСтройСервис» ЖШС-мен 62 миллион 125 мың теңгеге келісімшарт жасалып, Мәдениет үйі заманға сай жаңғырып отыр.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.