Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МЕЙІРІМДІ ЖАНДАР

31 қаңтар 2020
РУХАНИЯТ
МЕЙІРІМДІ ЖАНДАР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыдағы «Саяхат» автобекетінен ары-бері өткенде «Кеген-Кеген» деп жолаушылар шақырып тұрған  тасымалдаушылардың дауысын естіп тұра бергім келеді. Олар менің алыстап кеткен сол бір қимас алтын уақытымды еске түсіреді. 

Кеген аудандық га­зе­тіне жаңадан жұмысқа барған кезім. «Қызыл ту» аталатын ауылда Мырзабай Жо­мартов деген азаматтың үкімет берген шағын екі бөлмелі үйін паналадым. Ол кезде өздері де жас отбасы еді. Үйелмелі-сүйелмелі алды мектепке барған, арты сәби Зәуреш, Толқын, Жадыра атты балалары бар. Ауызғы үйде тамақ ішеміз, арғы жағында мен жатамын. Ал түпкі үйге өздері қысылысып қисаяды. Қазір қос қабатты үйлері бола тұра басқа тұрмақ өздерінің бастары сыймайтын заман болды. Жоққа сабыр, барға қанағат ететін Зейнеш тәтем сол кезде бір рет те қабақ шытқан емес. Қашан болса кең пейілі мен мейірімі жүзінен төгіліп, жадырап тұратын. Отағасы Мырзекең де бір құдай бере салған азамат. Езуінен күлкісі мен әзі­лі тиылған емес. Ұзынағаштың тумасы. Шапырашты руынан. Жүргізуші болып істейтін аудандық жүк тасымалдау мекемесіндегі Албан атаның ұрпақтары түгел «күйеусініп» соған сойлеуге құмар. Жауға шапқан жалғыз батырға ұқсап ол да дес бермейді. Әзіл сөзбен астарлап, бәрін жеңіп шығады. Әлгі қалжың айтқан қылжақбастар «күйеудің» отты, ұтқыр әзілдеріне шыдамай өздері қашатын. Ол шешен сөздің ғана шебері емес, еңбектің де жалындаған майталманы болды. Тіркемесі бар «көкқасқа» «ЗИЛ – 130» машинасымен күндіз-түні тынбай еңбек етті. Ол кісінің үйде болғанын сирек көретінмін. Үнемі жол үстінде. Күзгі науқан кезінде тіпті үй көрмейді. Жұмыс-жұмыс, тағы да жұмыс. Тынымсыз еңбегі еленіп, сол заманғы ең жақсы жеңіл көлік саналатын «Москвич – 412» алғанында бәріміз балаша қуандық. Әй, соны үш күн қатар мінуге де уақыты болмады-ау. Есігі тарс жабық гаражда тұрып, Алматыға көшер кезде су жаңа күйінде сатылды.
Ардақты да асыл жандар қазір Алматының «Шаңырағында» тұрады.Балаларының бәрін қанаттандырып, құтты орнына қондырып, немере бағып, бал тіліне бөленіп отырған ұлағатты ата, әже. «Ештен кеш жақсы» демекші, кеш те болса сол бір өткен күндердегі ізгі жандарға деген сағынышым мен алғысымды жеткізгім келді. Шіркін, адамның бір-біріне деген мейірімі мен жанашырлығы осы жандардай болсашы деп арман етем. 

Қуаныш ҚОЖАХМЕТ, 
журналист
Іле ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.