Талдықорған: +24°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МӘҢГІЛІК ЕЛ САҒАТЫ. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЖАҢА НЫСАН

14.11.2021
РУХАНИЯТ
МӘҢГІЛІК ЕЛ САҒАТЫ. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЖАҢА НЫСАН
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластыра бой көтерген Мәңгілік Ел сағатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Айтулы шараға ҚазҰУ-дің басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов және «Экомед» инновациялық репродуктивті технологиялар академиясының бас директоры, ҚазҰУ-дің Құрметті профессоры Салтанат Байқошқарова қатысып, тарихы терең оқу орнының сән-салтанатын арттыруда ерекше көрік беретін бұл жобаның өзіндік мақсаты барын тілге тиек етті.

– «Мәңгілік Ел» сағаты – түлектердің өздері білім алып, қанат қаққан оқу орнының эндаумент даму қорына белсенді қолдау көрсетуінің жарқын көрінісі. Бұл бірегей архитектуралық нысан әлемдік деңгейдегі студенттік кампустың ғана емес, Алматы қаласының да көркін арттыра түскені анық. Ол Іле Алатауының қарлы шыңдары сияқты өзінің әсемдігімен тамсандырып, әрқайсымызға уақыттың қадірін білу қажеттігін еске алып тұрары хақ, – деген университет ректоры Ж.Түймебаев өзінің құттықтау сөзінде түлектердің университет өміріне белсенді атсалысып, игі дәстүрді жалғастыруға және жоғары білім беру жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосып отырғанын атай келе, жобаны жүзеге асыруға атсалысқан меценаттарға алғысын білдірді.

Осы орайда қара шаңырақтың заң факультетінің 1985 жылғы түлектері бастама көтеріп, кампус аумағына орнату үшін үлкен циферблатты сағатты сыйға тартқанын айта кеткен жөн. Бұл шешімді қабылдаған ҚазҰУ Түлектері қауымдастығының Президиумы «Мәңгілік Ел» сағаты архитектуралық құрылысын салуға қаражат жинауды жариялаған еді. Өз кезегінде Қайрат Мәми жобаның басты мақсаты – ҚазҰУ қалашығының тұрғындары және қонақтарына оқу, жұмыс істеу және тұрмыс үшін жайлы орта құру екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, бастаманың қауымдастық мүшелерінің студенттік қалашықты көрікті экожүйе орталығына айналдыру ниетінен туындағанын да атап айтты.

Осылайша, студенттер мен оқытушылардың, қонақтардың көзайымына айналар «Мәңгілік Ел» сағатының ақ шымылдығы ашылған соң Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Әбдіразақұлы оқу орнының ректоры Жансейіт Қансейітұлына «Мәңгілік Ел» сағаты сәулет құрылысының куәлігін салтанатты түрде табыс етті. Меценаттардың ұсынысы бойынша «Мәңгілік Ел» сағаты биіктігі 19,3 метр стелаға орнатылған. Сағаттардың параметрлері үлкен және диаметрі 1600х1600 мм-ге жетеді.

Стела-сағаттың ашылуымен мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова құттықтап, ақжарма тілек арнады. Тәуелсіздік жылдарында 25 мыңға жуық сәбидің дүниеге келуіне себепші болған Салтанат Берденқызы: «Осы университеттің биология факультетінде білім алған кішкентай ғана қыз едім, енді, міне, уақыт өте келе ғылымға қосқан еңбегімнің арқасында «Университеттің Құрметті профессоры» деген атақ алдым. Мұның бәрі осындағы ұстаздарымыздың берген білімінің, тәрбиесінің нәтижесі. Мықты эмбриолог, генетиктердің барлығы да осы университеттің түлектері екенін мақтанышпен айтқым келеді» – деді.

Уақыттың қадірін сездіретін стела-сағаттың ашылу салтанатының соңы аталған оқу орнының студенттері шырқаған «Мәңгілік Ел» әнімен түйінделді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026
Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.