Талдықорған: +7°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨМІРІ – ӨНЕГЕ, ІСІ – ҮЛГІ

28 ақпан 2025
РУХАНИЯТ
ӨМІРІ – ӨНЕГЕ, ІСІ – ҮЛГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Төменгі Пенжім орта мектебінің әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторының ұйымдастыруымен Панфилов ауданының Құрметті азаматы, еңбек  ардагері, журналист-жазушы Мырзағали Нұрсейіт пен 5-8-сынып аралығындағы оқушылардың  кездесу кеші өтті.

Бұл басқосудың басты мақсаты – жастардың қазақ әдебиетіне, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін байыту, жергілікті журналист-жазушының шығармашылығын насихаттауға бағытталған. 

Кездесу барысында Айнұр Ержанқызы жазушы-журналистің өмірі мен  еңбек  жолы, шығармашылығы жайлы толғанды. Мектеп кітапханашысы Анар Абдрахимова журналистің жалпы шығармашылық жолы жөнінде баяндама жасады. 

Рухани шарада аталған мектептің директоры Әсем Нұрбаева бүкіл ұжым атынан журналист-жазушыға жүрекжарды лебізін білдірді.

– Сіздей ардақты азаматпен кездесудің өзі бір ғанибет. Бірінші рет мектебіміздің құрметті қонағы болып отырсыз. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Өскелең ұрпақ өнегелі әңгімелеріңізді тыңдап, одан ғибрат алады. Күні ертең біздің  шәкірттеріміздің  арасынан сіздің жолыңызды қуған жазушы шықса, оны осы дидарласудың пайдалы әсері деп білеміз, – деді Әсем  Нұркамалқызы. 

Басқосу  барысында оқушылар мен журналист арасында емін-еркін сыр-сұхбат өрбіді. Жастар әдебиет пен өнер, жазушылық жайлы көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды. Кездесуде ардагер журналист жастарға тәлімді әңгіме айтып, өз өмірінен сыр шертті. Жетістікке жету үшін ең бірінші білім, ізденіс және адал еңбек керек екенін баса айта келе жастарды көп оқуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды. Әсіресе  жастардың  сана-сезіміне  көркем әдебиетті  көп  оқу қаншалықты тиімді  екенін баса баяндады.

Жазушының шығармашылығы, ана тіліміздің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі, сазгерлер мен ақындардың өзара байланысы жайлы  сөз кеңінен қозғалды. Іс-шара барысында оқушылар Мырзағали Манапұлының «Достарым», «Жауыннан соң», «Қыс өрнегі», «Қарлығашым» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шара соңында кеш кейіпкері өзінің бірнеше кітабын мектеп кітапханасына сыйға тартты. 

Айнұр ЕРЖАНҚЫЗЫ,
Төменгі Пенжім орта мектебінің әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторы
Атамекен ауылы,
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.