Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ӨМІРІМ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРДІ»: СҮТ САТЫП, ТАБЫСҚА КЕНЕЛГЕН КЕЛІНШЕК

8 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
"ӨМІРІМ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРДІ": СҮТ САТЫП, ТАБЫСҚА КЕНЕЛГЕН КЕЛІНШЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Іле ауданының тұрғыны 52 жастағы Динар Дүйсенованың кәсіпкерлік саласында жүргеніне биыл төрт жыл. Ол 2017 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау» жобасы бойынша білім алып, оқыту жобасының алғашқы түлектерінің бірі болды. Сол кезде ол «Бастау» арқылы мақсатын жүзеге асыратынына сенбеген еді.

Динар ханым мамандығы бойынша тері жөніндегі инженер-технолог және агрохимик. Ұзақ уақыт бойы кәсіпорындар мен ветеринарлық зертханаларда жұмыс істеді. Ол кезде шағын қожалығы болғанымен толыққанды кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қаражат қажет болды. Әрдайым өз ісін ашуды армандаған. Сондықтан, «Бастау» оқуына нақты жоспарымен келді. Мал шаруашылығымен айналысып, сүт өнімдерін шығаруды мақсат етті.

– Еліміз ауылшаруашылығын дамытуға бағыт алды. Бұл өз идеяларымызды жүзеге асырудың, ата-бабаларымыздың ісін жалғастырудың тамаша мүмкіндігі. Өз ауылымның өркендеуіне үлес қосып, Қазақстанның үздік 30 шаруашылығының қатарына қосылғым келеді. «Бастау» жобасына, кәсіпкерлер палатасына ризамын. Себебі, өмірім түбегейлі өзгерді. Қай жерге барсам да адамдарға «Атамекенге» оқуға жазылып, жаңа дағдыларды үйренуге шақырамын, – дейді кәсіпкер.

2017 жылы Динар Дүйсенова «Игілік» бағдарламасы бойынша 6 миллион теңге несие алып, ол қаражатқа сиыр, жылқы, ешкі және қой сатып алды. Шаруашылықтың жері кеңейді. Содан кейін олар сулугуни, брынза, ешкі сүтінен құрт жасай бастады.

– Әр апта сайын демалыс күнгі жәрмеңкеге қатысамыз. Онда өнімдеріміз лезде сатылып кетеді. Бәрі табиғи өнім. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 50 миллион теңге көлемінде несие алдық, – дейді кәсіпкер келіншек.

Динардың шаруа қожалығы ай сайын 500 литр сүт шығарып, сүттен қаймақ, май, айран, брынза, чечел, ірімшік, құрт, йогурт, сүзбе, сулугуни сияқты 12 түрлі өнім сата бастады. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты кәсіптің қарқыны төмендеді.

– Карантиндік шараларға байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылмаған соң өнімді өткізу қиынға соқты. Бұған қарамастан, биыл өнім көлемін ұлғайтуды мақсат тұтып отырмыз, – дейді Динар.

«Бастау» түлегі жас кәсіпкерлердің жобаларын ауылдық жерлерде іске асыруға шақырады. Себебі, ауылдарда ашылмаған кәсіп түрі көп әрі оны дамытуға мүмкіндіктер жеткілікті.

Динар бизнеспен қатар белсенді қоғамдық және қайырымдылық қызметін жүргізеді. Іле ауданы Междуреченск ауылының қоғамдық кеңесінің мүшесі әрі бастамашыл әйелдер кеңесінің құрамында. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды жүйелі түрде жан-жақты қолдап келеді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Гүлмира Бағжаева: «Бастау» бойынша оқу басталған алғашқы сабақта мен Динарды үлгі етіп, жобаның нәтижесі туралы өз аузынан айтып беруге шақырамын. Қатысушыларға тамаша мотивация береді. Ол шағын ғана ауылда жүріп үлкен іс ашуға болатынын жақсы дәлелдеген кәсіпкер», – деді.

Айта кетейік, «Бастау» жобасы сәуір айында басталады деп жоспарлануда.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.