Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚҰНДЫЛЫҚТАР КІТАБЫ

30.07.2024
РУХАНИЯТ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР КІТАБЫ

Қай елде болмасын балаларға біліммен қатар тәрбие беру мәселесі алдыңғы орында тұрады. Ұрпақ бойында адамгершілік, моральдік, этикалық принциптерді қалыптастыруға, оң мен солын тануға, жақсы мен жаманды айыруға қызмет ететін балалар көркем әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде  жас өркеннің тәуелсіз санасын қалыптастыру деген міндетті көтерді. Ол үшін ұлттық рухты оятып, ата-бабаларымыздың ерлігін үлгі ету, атамекеннің қадірін ұқтыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ділімізге ұйыту, салт-дәстүрді насихаттау керек болды. Бұл міндетті қазақ поэзиясы жылдам орындап, пафосты үн қатты. Ақындар Тәуелсіздік, Астана, Елорда, Ата заң, Елтаңба, Әнұран, Көк Туды жырға қосты. Оразақын Асқар, Сұлтан Қалиұлы, Байбота Қошым Ноғай, Ертай Ашықбаев, Болат Үсенбаев, Ермек Өтетілеуұлы, Ескен Елубаев, Өтепберген Ақыпбеков, Асылбек Абдрахман, Алмат Исәділ және т.б. егемен еліміздің ақындары азаттық тақырыбын балалар әдебиетінде еркін игеріп әкетті.

 

Тәуелсіздігімізді басты құндылық ретінде жарқырата көрсете алған кітаптардың бірі – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, белгілі ақын Б. Үсенбаевтың «Тәуелсіздік деген не?» атты кітабы. Балаларға арналған өлеңдер мен өлеңмен жазылған логикалық есептерден, ертегілер мен аңыздардан тұратын бұл кітаптың композициясы толығымен ойластырылған, сегіз бөлімнен тұрады. «Тәуелсіздік шуағы» атты бірінші бөлімінде еліміз үшін қадірлі тәуелсіздігіміздің рәміздері: Елтаңба, Әнұран, Ту образды тілмен, бала түсінігіне сай ұлықталған.
    …Таңдай қаққан шартарап,
    Көк туымда барша бақ.
    Қыран самғап барады,
    Күнді иыққа арқалап,
– дейді ақын туымызды әсем сипаттап.

Бірінші бөлімде топтастырылған өлеңдерде негізінен тәуелсіздік, теңдік, ынтымақ, бірлік, еркіндік, азаттық, ел-жер, тіл, Отан секілді рухани-патриоттық құндылықтар дәріптелген.
«Ынтымақты біздің ел» атты өлеңінде ақын:
…Достық болып тыныстаған
Ынтымақты нық ұстағам. 
Тыныштықты әспеттейтін, 
Барша адамзат туыс маған!
– деп адамзатты түсі мен түріне қарап алаламауды, тек әспеттеген құндылықтар арқылы адамдар бір-біріне жақындаса түсетінін қарапайым тілмен жеткізеді.

«Құрмет жырлары» атты бөлімінде халқымыз мақтан етер, жас ұрпаққа үлгі болар қайраткерлер мен батырлар, ақындар мен суретшілер, ұстаздар мен іскер еңбек адамдарының асыл істері мадақталады.

Ақын өлеңдерінің тағы бір парасы жаңа жыл, қыздар мерекесі, наурыз, жеңіс күні, т.б. айтулы мерекелерге арнап жазылып, «Ең жақсы күн» атты бөлімге енгізілген. Олардың біразы кезінде «Балдырған», «Ақжелкен», «Ұлан» секілді басылымдарда, мектеп оқулықтарында жарық көргендіктен балабақша мен мектеп ұстаздарына, оқушыларға кеңінен таныс. 7-8 буынды тармақтардан тұратын бас-аяғы жұп-жұмыр өлеңдердің ұрпақ тәрбиесіне тигізер ықпалы зор.
Кітаптағы ең шырайлы, ең сүйкімді, ақжарқын өлеңдер «Балабақша жырлары» атты бөлімге топтастырылған. Мұндағы өлеңдер оқырман жанын ләззатқа бөлеп, тәп-тәтті балақайлардың қылығына тамсантады. «Аңғалдық» деген өлең – балалар поэзиясының классикалық үлгісі. Ақын 7 буынды тармақтардан тұратын бар-жоғы екі шумаққа шағын сюжетті сыйдырып, түйінінде күтпеген юморлық әсер дарыта алған.
Лаура ертемен оянды:
«Қалай бағам қоянды?»
Бау-бақшада жүріп көп,
Келді уыстап жұлып шөп.

Берсе, қоян жемейді,
Енді бұған не дейді?!
Еш болды оның мол ісі,
Ойыншық екен онысы.

Соншалықты қарапайым ұйқастар, бірақ мазмұн байлығы, тірліктегі қарапайым бақыт пен балалық шаттыққа толы өлең ырғақтары оқырман жанын зор қуанышқа бөлейтін эстетикалық әсер береді. Орыстың әйгілі балалар ақыны К. Чуковскийдің «Балалар жазушысы міндетті түрде бақытты болуы тиіс. Өзі арнап жазып отырған балалар секілді бақытты болуы керек. Мен де балаларға арналған өлең түріндегі ертегілерді жазу үстінде осындай бақытқа бөленетінмін» деген сөзі еске түседі. Сол сияқты, Б. Үсенбаевтың да өлеңдерін балалық аңғалдық, пәк түсінік, нұрлы көңіл, жарқылдаған сәулелі қуаныш, шексіз бақыт кернеп тұрғанын көреміз. Мәселен, «Сыйлық» өлеңі:
Сыйлық алам мамама, 
Сыйлық алмай бола ма? 
Сегізінші наурыз, 
Құттықтаймыз бәріміз. 
Шаттансыншы жан ана,
Тілін алғыш балаға.
Таптым қызық айланы,
Ойыншық алу пайдалы. 
Қуантамыз ананы, 
Ойыншық бізге қалады. 

Осы өлеңді қалай түсінер екен деп 5 жасар ұлыма оқығанымда, мәз болып бір күліп алды да: «Аналарға гүл пайдалы ғой», – деді саусағын шошайтып.

Жалпы, оқырманын мәз-мейрам етіп, астарсыз, ақжарқын әзіл, риясыз күлкі сыйлаудың нағыз шебері Болат Үсенбаевтің өлеңнің тек тәрбиелік, эстетикалық, танымдық қасиеттеріне ғана емес, оның сауықшыл, баланың көңілін көтерушілік қызметіне де көп көңіл бөлетініне көзіміз жетті. «Суретші» деген өлеңінде:
Сызып біраз шимайды, 
Сыдық өзін қинайды.
Ақ қағаздың бетіне, –
дейді  пілім сыймайды.

Автордың баланың таза, пәк әлеміне деген шуақты, шұғылалы, позитивті қатынасы барлық өлеңінен сезіледі. Кітаптың «Табиғат – тылсым әлем» бөліміндегі жан-жануарларды, қоршаған әлемді бала көзімен көрсетуі, баланың түсінігі, бала әсері, бала қиялы тамаша көрініс тапқан.
Таңертеңгі бір шыбын, 
Табар емес бір тыным. 
Қытығымды келтірді,
Сәл ілінсе кірпігім.

Жыбырлатты денемді, 
Шымырлатты төбемді, 
Ұғатұғын шыбын ба?
Ұйықтап жатыр дегенді.  

Шыбыннан бастап өрмекші, керік, кенгуру, кірпі, қоян, тасбақа, жарғанат, пингвин сынды жан-жануарларға, өсімдіктерге арналған өлеңдері қысқа формаға көп танымдық, қызық ақпаратты сыйдыра алуымен, жан толқытар сүйкімділігімен, езу тартқызар әзілімен ерекшеленеді.

Ондатр

Суда еркін жүр жүзіп, 
Тіршілігі тым қызық. 
Алады екен ондатр,
Өзенге үй тұрғызып.

Жарғанат

Түнде сайран салады,
Қорегін де табады.
Қанаты бар тышқан деп, 
Жұрттар қайран қалады.

Мекені үңгір, жар, қабақ, 
Күндіз жүрер қорғалап.
Басы төмен салбырап, 
Ұйықтайды жарқанат.

Бамбук 

Қысы, жазы көктейді,
Кісі бойы жетпейді. 
Мәуелеген бамбукты,
Ағаш емес, шөп дейді.

Қоян 

Сыбдыр шықса селк еткен, 
Қорқақтығын көрсеткен. 
Қорықпайтын қоянды, 
Оқимыз тек ертектен.

Ақынның жыл мезгілдеріндегі табиғат көрінісін сипаттайтын өлеңдері тосын теңеу, жарқын метафора, айқын эпитеттерімен есте қалады.
Қыс сездіріп хабарын, 
Шытады аспан қабағын. 
Ақ күмістей ақ қарға, 
Қарығады жанарың.

Мұнда жаны шықтай мөлдір, таза лирикалық кейіпкердің айналаны сүйсініп бақылап, ой түйіп өсіп, есейіп келе жатқанын байқайсыз.
«Жақсы мен жаман» атты бөлімінен қылықтары тәтті түрлі балақайларды кезіктіресіз, олардың сан түрлі қасиеттері әрекеттері арқылы ашылады. Жаңғалақ, шолжаң, ұялшақ, алаңғасар, еңбекқор, тапқыр, өнерсүйгіш, әдепті, мейірімді, жалқау, ісмер, зерек, қайырымды, мырза, жомарт та жандар бар. Осындай жақсы-жаман қасиеттерге ие образдарды жолықтырып, олардың әрекеттерін көріп жас оқырман ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін іштей пайымдайды. Ақын бейнелеуіндегі тіршілік картинасы ылғи күрес, қозғалыс үстінде,  динамикаға толы, қызықты.
Қоршап алдық Ерікті,
Үйіне қонақ келіпті. 
Қалтасына толтырып, 
Кәмпит салып беріпті. 
Дос-жаранын ырза ғып, 
Жасап жатыр мырзалық.
Мен сұрап ем көрсетті
Алақанын құр жайып. 
Таң-тамаша боп қалдық,
Пейілінде жоқ тарлық, 
Шекісіппін бекер мен, 
Жасамасам сотқарлық, 
Құралақан кетер ме ем?

Лирикалық кейіпкер өзін мінсіз етіп көрсетуден аулақ, сонысымен де шынайы. Сотқарлығын мойындауымен, әрекеттерін дұрыс бағалауымен  жан дүниесін тазартып, жуып алғандай. Кейіпкердің өз әрекетін түйсіне алуы сүйсіндіреді. Себебі, бұл тәсіл – жас оқырманға өз әрекеттерін бағамдай алуға үйретеді. Жақсы әдебиет – ойландырады, ойлануға жетелейді. Ақын дидактикалық таңу тәсілімен емес, елеусіз түрде мырзалық, жан жомарттығы, кеңпейілдікті балаға эстетикалық идеал ретінде ұсынады.

Ақын өлеңдерінің негізгі өзегі – қазақы, ұлттық болмысқа сай тәлім-тәрбие беру. Сондықтан да «Бата алдың ба  атаңнан?», «Ата ұлағаты», «Қолғанат», т.б. көптеген өлеңдерінде ұлтымыз қадірлейтін, киелі деп саналатын нәрселерге көп мән береді.

Назар аударуға тұратын тағы бір тұс, осы бөлімде өміріміз үшін аса маңызды құндылықтың бірі – қауіпсіздік құндылығы жақсы дәріптелген. Әдебиеттанушылардың пікірінше, қауіпсіздік  АҚШ әдебиетінде насихат етілетін құндылықтар ішінен ең жоғары бестікке енеді екен. Өкінішке қарай, біздің қоғамда қауіпсіздіктің құндылық ретінде ескерілетін кезі аз, сол себептен де болар, елімізде түрлі апатты жағдайлардың өте көп болып жататыны. Ең болмаса, балалар әдебиетінде қауіпсіздіктің тілге тиек етілуі өте құптарлық жайт. Ақын «Сақтана біл!», «Бағдаршамда», «Сіріңкемен ойнама» өлеңдерінде балаларға қауіпсіздікті насихаттай отырып, өмірдің өзі – ең үлкен құндылық деген терең ойды қарапайым мысалдармен, поэтикалық сезімталдықпен анық түйсінтеді.

«Шынықсаң, шымыр боласың» бөліміндегі өлеңдері спортты, салауатты өмір салтын  ұлықтаса, «Ертегілер мен аңыздар» бөлімінде ынтымақ пен бірлік, бейбітшілік, қайырымдылық пен ерлік секілді рухани-адамгершілік құндылықтарды жарқырата көрсете алған.

Болат Үсенбаев «Тәуелсіздік деген не?» деген кітабымен қазақ әдебиетінің қазынасын тағы бір құнды жәдігермен толықтырды. Қорыта айтқанда, ақынның жаңа туындысы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа лайықты туынды деп есептеймін.

Еркінгүл СОЛТАНАЕВА, 
филология ғылымдарының
кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.