Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«НЕГЕ АРАҚ ІШЕСІҢДЕР?» ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МАСКҮНЕМДЕРДІ ҚУАЛАДЫ

24 қазан 2019
РУХАНИЯТ
"НЕГЕ АРАҚ ІШЕСІҢДЕР?" ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МАСКҮНЕМДЕРДІ ҚУАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Бүгін менің қабылдауымда қала тұрғыны, бір әйел келіп күйеуінің күнде арақ ішетінін айтып, жасырын түрде сатылатын арзан араққа тосқауыл қоюды сұрады. Ал кешке өзім қала аралап жүріп, мынандай масқараға тап болдым (видеода). Ата-бабам ішпеген арақ-шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын, ақыл айтыңыздаршы, жолын көрсетіңіздерші. Полиция бастығы Ұ.Садықов және кірістер басқарма басшысы Қ.Нұрғалиев шұғыл шара қолданыңыздар».

Бұл пікір Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаевтың «Фейсфук» парақшасынан алынды. Оқиғаны нақты баяндар болсақ, қала әкімі Бақтияр Өнербаев кешкілік Отан соғысы ардагерлері ескерткішінің маңында «тентек су» ішіп отырған үш жігітті көреді. Олар әкімді көріп тұра  қашады. Видеодан «Неғып отырсыңдар, мынау сендердің ішіп отырғандарың арақ қой. Неге арақ ішесіңдер бұл жерде? Түріңді көрсет! Бері кел, бері! Ана бөтелкені ал!» — деген қала әкімінің дауысы естіледі. Ал үш жігіт ішіп отырған арағын стакандарымен қоса лақтырып, қаша жөнеледі.

Ал оқиға немен аяқталды? Бұл жерде полиция өкілдері іске шұғыл кіріскен. Мұнан кейінгі жағдайды біз қала әкімі Бақтияр Өнербаевтың өз аузынан естідік.

— Ертеңіне Отан соғысы ардагерлерінің гүлзарында арақ ішіп отырған үш жас әкімшілікке келіп, кешірім сұрады. Ант-су ішіп, енді арақты аузына татып алмайтындарын айтты. Айып ретінде олар ардагерлерге арналған ескеркіштерді жуып, оның маңын толықтай тазартуға уәде берді, — дейді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.

Біздің білгеніміздей, іс сотқа жолданған. Ал ардагерлер гүлзары мен саябақ және қаланың көрікті жерлері арақ ішетін орын емес. Мұны жас жігіттер де түсінген болуы керек. Сөйтіп, қала әкімі «тентек су» ішкен тентектерді тыйды, оларды қоғамдық іске тартты. Біздің айтпағымыз, бұған әкім ғана емес, қоғам да қозғаушы күш болуы қажет.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

«QAMSHY.KZ»

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.