Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

NIS-ТА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

22 қыркүйек 2021
РУХАНИЯТ
NIS-ТА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жасампаздық пен даму жылдары» атты ашық сабақ өтті. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Сабақтың басты мақсаты — Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы оқушылардың патриоттық сезімін күшейту.

Зияткерлік мектеп оқушылары Елбасының әлемдік аренадағы бейбіт бастамаларын талқылады, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық одақты құрудың рөлі туралы сөз болды.

Ашық сабақта балалар Еуразиялық экономикалық одақ құрудың саяси-экономикалық, технологиялық маңыздылығын, сонымен қатар, оның әлеуметтік маңыздылығын талдай алды. Атап айтқанда, зияткерлер ЕАЭО құру мақсаты, оның одақ ішіндегі жетістіктері және қатысушылар санының өсу себептері туралы көбірек білді.

— Тәуелсіздік сабағынан біз көптеген қажетті ақпарат алдық. Қазақстанның экономикалық дамуының болашағы туралы сұрақтарды талқыладық және де әлемдік экономикада бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін не ұсына алатынымызды айттық. Сонымен қатар, қосымша энергия алудың жолдары, білім саласының дамуы, қолжетімді медицина, ресурстарды оңтайлы пайдалану мәселелерін қозғадық, — деді өз сұхбатында 12-сынып оқушысы Әмір Қуатұлы.

Қиын да сындарлы қалыптасу жолынан өткен Қазақстан бүгінде әлемдік кеңістікте маңызды орындарды иеленетін табысты, серпінді дамып келе жатқан жас мемлекет. Ал өз елімен бірге 30 жастағы құрдастары да көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі физика пәнінің мұғалімі Қайсар Нұрбек — солардың бірі.

Ашық сабақта Қайсар Нұрбек өзінің өмір жолы, мұғалімдік мамандыққа қалай келгені туралы айтып берді, сонымен қатар, табысқа жету формуласымен бөлісті.

— Табысқа жету үшін сіз үнемі дамуыңыз керек деп ойлаймын, өйткені, прогресс бір орында тұрмайды. Жаңа нәрселерді үйрену қажет. Мысалы, тілдерді үйрену және сіздің жүрегіңізге жақын аймақта күш-жігеріңізді аямай жұмыс істеу, — дейді Зияткерлік мектептің физика пәні мұғалімі Қайсар Нұрбек.

Барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Тәуелсіздік» ашық сабақтары өткізілді, оған әр аймақтағы серіктес мектептерден 50 мыңға жуық мұғалім қатысты.

— Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Еуразиялық одақ тақырыбы толық ашылды. Бізге топтағы жұмыс ұнады, әр оқушы өз көзқарасымен бөлісе алды. Бізді қызықтырған нәрсе – ұстаздың сабақты жоспарлауы. Тақырыпты адам өмірімен байланыстыра отырып өткізуі таң қалдырды. Еуразия одағы адамдар достығымен, ал тәуелсіздіктің 30 жылдығы адам жасымен байланыстырылды, — деп Кеген ауданы М.Орманов атындағы орта мектеп мұғалімдері өз пікірлерімен бөлісті.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.