Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ОБЪЕКТИВТІҢ АР ЖАҒЫНДАҒЫ СҰЛУЛЫҚ: ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ФОТОКӨРМЕ

24 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
ОБЪЕКТИВТІҢ АР ЖАҒЫНДАҒЫ СҰЛУЛЫҚ: ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ФОТОКӨРМЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда «Объективтің ар жағындағы сұлулық» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Наурыз мерекесінің құрметіне өткен фотокөрме Журналистер үйіне қойылды. «Ұлттық болмыс» тақырыбын арқау еткен шарада өңірге танымал фотограф-таспагерлер қатысты. Бастамаға Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Jetisý Media» КММ ұйытқы болды.

Көрмеде Жетісу жұртына есімі жақсы таныс Жеңіс Ысқабай, Жұмабай Мұсабеков, Сергей Щербаков, Марат Толқынов сынды фотографтардың 30-ға жуық үздік суреті ұсынылды. Олар өз туындылары арқылы қазақ халқының ұлттық болмысын, тарихи тұрмысын, бүгінгі тыныс-тіршілігін жеткізе білді.

Мысалы, көрме қатарында 15 жыл бұрын 93 жастағы қарияның көкпар ойыны кезінде түсірілген суреті бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрме тұрақты түрде өтеді және оған кез-келген ниетті адам қатыса алады.

Фотокөрме төл өнерді одан әрі дамытуға, ынталандыруға, көркемдік деңгейін арттырып, мәдени мұраны сақтауға негіз болмақ. Бұдан бөлек, бұл шара азаматтардың назарын өнерге аудару, кәсіби фотосуретшілер, таспагерлер және шығармашылық саланың басқа да өкілдері арасында тығыз байланыс орнату, жаңа көркемдік нысандарды іздеу мақсатында өткізілді. Алдағы уақытта Жеңіс мерекесіне орай «Мәңгілік естелік», «Талдықорған беттері», облыс орталығының, волейбол клубының 20 жылдықтарына және футбол клубының 40 жылдығына орай «Жетісу спорты» фотокөрмесін өткізу жоспарлануда.

— Өте жақсы идея, бізде жиі жарияланбайтын суреттер өте көп және көрме — бұл адамдарға біздің жұмыстарымызды көрсетудің өте жақсы мүмкіндігі. Өз суреттерімізде біз шынайы өмірді жеткізгіміз келеді. Питер Адамс айтқандай, көрнекті фотосурет – бұл өріс тереңдігі емес, сезім тереңдігі, — деп атап өтті көрмеге қатысушы «Жетісу» газетінің фототілшісі Жұмабай Мұсабеков.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.