Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Ол әрдайым соғыстан кейін келеді»: Екеу сомдаған екі өмір

9 қазан 2024
РУХАНИЯТ
"Ол әрдайым соғыстан кейін келеді": Екеу сомдаған екі өмір
WhatsAppTelegramFacebook

«Бикен-ІІ» атты халықаралық театр фестивалін Түркиядағы Ерзурум Мемлекеттік театры жалғастырды. Анадолылық актерлар режиссер Левент Арастың  “Hiç kimsenin öyküsü» яғни, «Белгісіз хикая» қойылымын ұсынды.

Сахнада қарсылас тарапта соғысқан қос жауынгердің  үйлеріне қайтып келе жатқанда  бір вагонда екеуден екеу кездесіп қалуларынан басталады. Басында екеуі  артық әңгіме қозғауға жүрексінеді. Себебі, бір-біріне жау болып шығудан тайсақтап, көп сөз қозғамайды. Бірақ, бірінің қолындағы радиодан берілген хабарға елең еткен екеу бір-біріне мылтық кезенгендерін түсінеді.  

Бір қала, бір көшенің бір ғимаратында тұратын екі сарбаздың бірі қызылдардың, екіншісі ақтардың жағында соғысқан. Жағдайды білісімен вагон ішінде тайталас басталады. Екеуі бір-біріне: «Сендер соғысты бастадыңдар, біз кінәлі емеспіз! Сендер – қылмыскерсіңдер, біз – сендердің қастығыңа ұшыраған құрбандармыз!» деп айғайласып қалады. Шындығында екеуі де қарапайым өмір сүрген.  Біреуі махаббаттың соңынан қуған кондитер болса, екіншісі бала тәрбиелеп отырған музыкант.

Алайда олар басқалардың бастаған, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін ешқашан білінбейтін жанжалдың бір бөлшегіне айналған. Қос сарбаз бір-біріне қару кезеніп: «Кеше сені өлтірсем, қаһарман болар едім, бүгін өлтірсем – қылмыскер атанамын!» деген сөзі  әсерлі жеткізілді. Жауынгердің ашу үстінде  «Бейбітшілік жаман нәрсе, өйткені ол әрдайым соғыстан кейін келеді!» деген сөзі бейбітшіліктің мәнін түсіндірсе керек.

Жетпіс минут бойы Ариф Аталай мен Ергенекон Жеміл Башдоған ойынды шеберлікпен ойнады. Пьеса әлемнің кез келген жерінде сахналануға лайық. Қай тілде ойналса да соғыстың зардабы, жанжалдың кесірі айқын айтылып, ой қозғайды. 
 

Айта кетейік, бауырлас Түркия жұртынан келген Ерзурум Мемлекеттік театры шығармашылық тәжірибесінде 12 балалар және 36 ересектер қойылымы, барлығы 48 қойылым арқылы Анадолыдағы көрермендерімен жиі қауышып тұрады.

 

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.