Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ОРТАҚ МІНДЕТ

16 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ОРТАҚ МІНДЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткенде Алматы қалалық экология департаментінің басшысы Қонысбек Баяділовтың ұйымдастырумен ЗУМ алаңы арқылы онлайн форматта жиналыс өтті. Онда Алматы қаласының экологиялық мәселелерін  кешенді шешу  жөнінде қабылданған Жол қартасының орындалуы жайлы сөз болды.

Әрине, Алматы қаласы мен облысының экологиялық мәселелерді шешуде ортақ тұстары өте көп. Өйткені қаладан шығатын қоқыстардың дені облыс аумағындағы полигондарға төгіледі. Оның сыртында су ресурстарын қорғау, орман байлығын аялау, тағы да басқа жақтан көптеген қарым-қатынаста екендігі белгілі. Сондықтан Алматы қаласындағы экологиялық мәселелердің тиімді шешілуі облыс үшін де маңызды. 
Аталған шара аясында Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін орындауға тиісті 16 іс-шара таныстырылды. Сол қатарда қаладағы №2 және №3 жылу электр орталықтарын жаңғыртып,  газға көшіру арқылы олардың қоршаған ортаға әсерін азайту, Алматы қаласындағы және қалаға жақын орналасқан Алматы облысына қарасты Талғар, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарындағы тұрғын үйлер мен өндіріс ошақтарын  газға көшіру,  жел қозғалысы режимін зерттеу, Алматы қаласының сәулеттік келбетін реттейтін ережесіне, сонымен қатар, Алматы қаласының бас жоспарына  өзгерістер енгізу, ағаштарды заңсыз кесуге тыйым салу, жауапкершілікті күшейту, жасыл желек алаңдарын көбейту, ауа сапасын жақсарту,  көліктер қозғалысын реттеу,  оларды газға, электр тоғына және баламалы электр көздеріне көшіру қатарлы салмақты жобалар бар. 
Егер осы жобалар толығымен орындалса ауаға шығатын ластаушы заттар  шығарындыларының  көлемі  144 мың тоннадан 80 мың тоннаға дейін немесе 44  пайызға қысқарады. Бұл өз ретінде облыстың да экологиялық ахуалын реттеуге зор септігін тигізетін болады. Соңында комиссия мүшелері әр тоқсанда бір кездесіп, атқарылған жұмысты талқылап отыратын болды.

Қайрат НҰРХАНОВ,
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы
«Адалдық алаңы» жобалық офисінің облыстық  экология департаменті
жанынан құрылған филиалы басшысы
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.