Талдықорған: +25°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ОҚУШЫЛАР ҮШІН ТАҒЫ 43 АВТОБУС САТЫП АЛЫНАДЫ — БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

15.02.2022
РУХАНИЯТ
ОҚУШЫЛАР ҮШІН ТАҒЫ 43 АВТОБУС САТЫП АЛЫНАДЫ - БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында «Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Онда облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңыл Сүлейменова баяндама жасап, оқу жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Облысымызда білім беру саласына айрықша назар аударылады. Жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді. Өткен жылы 363,6 млрд.теңге бөлінсе, биыл 407,7 млрд.теңге қарастырылып отыр. Сапалы білімге қолжетімділіктің артуы оған лайықты жағдай жасау мен оқушы орындарының көбеюіне тікелей байланысты. Бұл ретте облыста апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толық шешілді. Өткен жылы Панфилов ауданы, Аққұдық ауылындағы апатты мектептің орнына 120 орынды жаңа мектеп салынды. Іле, Қарасай, Талғар, Панфилов, Ескелді аудандарында 8 мемлекеттік білім ошағы және 7 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Бұл арқылы үшауысымды оқытуды жою мәселелері де біртіндеп шешімін табуда. Осы мақсатта биылғы наурыз айында Қарасай ауданының Үштерек ауылында 600 орынды орта мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ағымдағы жылы 38 оқу ошағының құрылысын жүргізу, 20 білім беру мекемесін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сапалы білім беру және студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында өткен жылы «Үшқоңыр медресе колледжіне» 100 орынды жатақхана пайдалануға берілді. Талдықорған музыкалық колледжіне жатақхана салынуда. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің жатақханасын қайта жаңғырту жоспарлануда. Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы гуманитарлық колледжге 30 орынды жатақхана салу туралы шарт жасалуда. Құрылыс жұмысы биыл аяқталуы тиіс, – деді ол.

Жалпы облыста 1392 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,6 пайызды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 94,2 пайызды құрайды. Былтыр 207 мектепке дейінгі ұйым ашылған, оның 202-сі жекеменшік балабақша.

Мемлекет басшысы биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Сондықтан кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және балалардың өмірі, оқуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылуда. Облыс мектептерінде бүгінгі таңда 443 875 оқушы білім алуда. Өткен ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша қала мектептерінде білім сапасы 62, ауыл мектептерінде 63,4 пайызды құрады. Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім берудегі алшақтықты жою мақсатында шаралар қабылдануда.

Облыс мектептерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Биыл әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды дәруменделген тегін ыстық тамақпен қамту жоспарлануда.

Облыста 300 елді мекеннің 18817 оқушысына тасымалдау ұйымдастырылған. Оқушыларды сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында лизингке 43 автобус алу жоспарлануда. Жыл сайын оқулықтар қоры жаңартылып отырады. Облыстың барлық мектебі интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге 4 оқушыдан келеді.

Өткен оқу жылында облыс мектептеріне 4263 педагог келді. Оның 1667-сі жоғары оқу орындары мен колледждерді бітірген жас мамандар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өткен жылы 717 маман көтерме жәрдемақы алды, 475 маман үй алу үшін несиеге қол жеткізді. Бағдарлама аясында білім беру сапасы төмен өңірлерге үздік мұғалімдер мен мұғалімдерді тарту бойынша 571 педагогты жіберу жоспарланған.

Былтыр еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан 250 білім беру гранты бөлінген. Оның негізгі дені көпбалалы және аз қамтылған отбасы жеткіншектеріне, мүгедек, жетім және толық емес отбасынан шыққан балаларға берілді. Биыл да 250 грант беру жоспарлануда, оның 80 пайызы техникалық мамандықтарға тиесілі болмақ.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде облыстың 137 мектебіне жаңғырту жүргізілді. Атап айтар болсақ, 19 мектеп күрделі жөндеуден және 9 білім ошағы ағымдағы жөндеуден өтті, 137 мектепте кітапханалардың материалдық-техникалық базасы жаңартылды, 100 млн.теңгеге көркем әдебиет сатып алынды. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 552 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 мектептің асханасы жаңғыртылды. Жаңа модификациядағы 185 пән кабинеті сатып алынды. Биыл 136 мектепке жаңғырту жүргізілмек.

Облысымызда 41 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оқушыларды қосымша біліммен қамту 69,4  пайызды құрайды. Биыл 10 000 баланы қамти отырып, 2 млрд.теңге сомасында қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарлануда.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселесі ерекше бақылауда. Бүгінгі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 738 жеткіншек бар. Осы санаттағы балалардың 87,3 пайызы немесе 2389 бала отбасылық тәрбиеге орналастырылған. Облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінде балалар үйінің 31 түлегі білім алуда.

Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар саны 15600-ді құрайды. Олардың 7432-сі оқытумен қамтылған, 3473 бала инклюзивті білім алуда. Облыста 12 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, 22 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 7 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді. Өткен жылы Қарасай, Жамбыл, Көксу, Еңбекшіқазақ аудандарында, Қапшағай қаласында 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) және Кеген, Райымбек, Панфилов аудандарында 3 психологиялық-педагогикалық-түзету кабинеті жұмысын бастады. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерге 82 педагог-ассистент штаты бөлінді. 2022-2024 жылдар аралығында Талдықорған қаласы, Іле, Қарасай аудандарынан 3 ПМПК ашу жоспарлануда. Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі 7290 бала психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылды, бұл осы санаттағы балалардың жалпы санының 50 пайызын құрайды. Биыл жалпы білім беретін мектептерде 3 инклюзивті кабинет ашу жоспарлануда.

Брифинг соңында журналистер өз сауалдарын қойды. «Онлайн оқыту білім сапасының төмендеуіне әсер ете ме?» деген сұраққа жауап берген Жаңыл Мағданқызы қашықтан оқу кезінде де оқушылардың түрлі олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанғанын алға тартып, бұл оқимын деген баланың қандай жағдайда да білім алып, оқуын ақсатпайтындығының дәлелі болатынын жеткізді.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.