Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ОЮДЫ ОРНЫМЕН ҚОЛДАНА БІЛЕЙІК

2 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
ОЮДЫ ОРНЫМЕН ҚОЛДАНА БІЛЕЙІК
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ оюлары – байыптап, саралап барып қолданылуы тиіс ұлттық мұрамыз. Тігіншілікпен айналысқан қауым осыны ескере жүруі керек деп білемін. Қазір елімізде  киім үлгілерін ұлттық ою-өрнек элементтерімен өрнектеу белең алды. Бір қуанарлығы, бұл ересектер ғана емес, жастар тарапынан да қолдау мен сұранысқа ие болды. Сұраныс болғандықтан тігін саласының мамандары бұл киімдерге деген шығармашылық көзқарасын жетілдіруі қажет.

Заманауи технология мүмкіндіктерін пайдаланып, ою түсіру шеберлердің  уақытын үнемдейтінін, еңбектерін жеңілдететінін білемін. Алайда, ерекше мәнге ие салтанатты киімдерде қазақ оюлары кестеленіп түсуі керек.
Хас шебер ою-өрнекті киімге түсірерде, оны таңдауда мүлт кетпейді. Өйткені, ол еш уақытта салтанатты сырт киім өңіріне, иығы мен жеңіне, етегіне, арқасына киіз бұйымдарға (сырмақ, текемет), жиһаздарға (ағаштан, сүйектен жасалатын), ыдыс-аяқтарға (ағаштан, сүйектен, теріден) түсетін ою-өрнектерді қайталамауы тиіс. Киімдердің бұл топтамаларын жасаушылар енді қазақ оюлары тарихына ден қойып, дәстүр мен жаңашылдықты ұштай білуі тиіс.
Қазақ киімдері тарихында оюлар негізінен кестеленіп түсірілген. Жапсырма оюлар бүгінгінің үлесі. Дегенмен, жапсырма оюларды киім үлгілеріне пайдаланбау керек деген ойдан аулақпын.
Орынсыз қайталау, айшықтау ата-бабамыз аманат еткен тарихи, мәдени жәдігерлерді қорлайтын, ұрпақ санасын бұзатын, «көлден шөлге, аспаннан жерге» тартатын келеңсіздік.
Заманауи киім үлгілеріне дәстүрлі қошқармүйізден басқа зооморф, көгеріс, артефактілік зат пішінді, геометриялық ою-өрнектерді батыл түрде қолданғанымыз дұрыс. Әсіресе, жүрекше (түйетабан), жұлдызгүл, жұлдызөрнек, қиықшаршы (ромб), сыңармүйіз, құманбау, шытыра, қазмойын оюларын батыл түрде қондыруымыз керек.
Осымен ғана шектеліп, бір орында тоқтап қалмай бай мұрамызды жарқыратып көрсеткеніміз жөн. Сонда ғана қолөнеріміз дами бермек.

Рахатой Рызалиева,
Алматы сән және дизайн колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.