Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қуанса, бала қуансын

3 маусым 2025
РУХАНИЯТ
Қуанса, бала қуансын
WhatsAppTelegramFacebook

Балпық би ауылында «Асылхан – Ади» балабақшасы пайдалануға берілсе, Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты ПЧ-45 ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылды. Осылайша аудан тұрғындарының қуанышы еселенді.

Жаңа балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Дәулет Халелов қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасып, ақжарма тілегін арнады.

– Балалар – еліміздің болашағы. Ал болашағымыздың жарқын болуы үшін бүлдіршіндердің саналы тәрбие мен сапалы білім алуы қажет. Бұл ретте білім беру ұйымдарының қажетті мамандармен және құрал-жабдықтармен қамтылуы аса маңызды. Балабақшаның жұмысына сәттілік тілеймін. Осы балабақшадан еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар өсіп, ел намысын қорғай берсін, – деді аудан басшысы.

Мереке балабақша ұжымы мен оған қабылданған бүлдіршіндер ұйымдастырған концертпен жалғасты.

Облыс аумағында Қазақстан азаматтарының білім алу құқығын сақтауға, оның ішінде, мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асыруға жіті назар аударылады. Өңірде 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 90 пайызға жетіп, республикадағы алдыңғы қатарлы аймақтардың біріне айналды. Қазіргі таңда сапалы және бәсекеге қабілетті мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету үшін балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізілуде.

Алақандай ғана ауылдың балалары енді өздерінің бос уақыттарын жаңа әрі қауіпсіз ойын алаңында өткізеді. Ойын алаңына жиналған балаларды мерекемен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Серік Дүйсебайұлы арнайы сыйлықтар табыстады.

Жалпы ауданы 861 шаршы метрді құрайтын ойын алаңына аудандық бюджеттен 21 миллион теңге қаражат бөлінген. Заманауи стандарттарға сай салынған бұл нысан ауылдың кішкентай тұрғындарына ерекше қуаныш сыйлады. Ойын алаңының құрылысын «НацСтройЛидер» ЖШС жүргізді. Жауапты мекеме құрылыс жұмыстарын мерзімге сай сапалы аяқтап, ресми түрде қолданысқа берді.

Көксу ауданы әкімдігі балалардың жарқын болашағы үшін осындай маңызды жобаларды алдағы уақытта да жүзеге асыра бермек.

Еңлік кенеБАЙ
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Көшеде ішімдік ішетіндерді камера арқылы анықтауда

«Заң мен тәртіп»: Көшеде ішімдік ішетіндерді камера арқылы анықтауда

Бүгін, 11:05
Елімізде әлеуметтік желіге талап күшейеді

Елімізде әлеуметтік желіге талап күшейеді

Бүгін, 10:54
Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін: ІІМ ескерту жасады

Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін: ІІМ ескерту жасады

Бүгін, 10:38
Қазақстан мен Мальдив арасындағы рейс саны екі есе өседі

Қазақстан мен Мальдив арасындағы рейс саны екі есе өседі

Бүгін, 10:34
Қазақстанда алтын бағасы ең төменгі деңгейге түсті

Қазақстанда алтын бағасы ең төменгі деңгейге түсті

Бүгін, 10:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.