Талдықорған: +14°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Әр қазақтың арманы

19 қыркүйек 2017
РУХАНИЯТ
Әр қазақтың арманы
WhatsAppTelegramFacebook

Латын жазуы қазақ тіліне жат емес, жаңалық та емес. Себебі, 1929 – 1940 жылдар аралығында біз латын әліпбиін пайдаландық. Кеңес одағы құрамындағы қазақтардың алдында солақай саясат салдарынан үш әліпбидің  бірін таңдау қажеттігі туындады. Араб әліпбиін қазақ тілі не латынға, не кириллицаға ауыстыру қажеттігі туғанда, қазақ зиялылары бір-біріне қарсы шыға отырып, бір- мақсатты көздегені байқалады.

Ол мақсат – кирилл жазуына көшпеу. Көптеген талас пікірден соң  латын әліпбиіне көшу жұмыстарына дайындық басталды. Латын әліпбиінің алғашқы жобасы 1927 – 1928 жылдары «Еңбекші қазақ», «Лениншіл жас», «Тілші» газеттерінде халық назарына ұсынылады. 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшірілді. Өңделген, жетілдірілген Жаңа әліпбиді әзірлеген Н. Төреқұлов болды. Егер сол бетімізбен латын әліпбиіне негізделген жазуда қалсақ, тіліміздегі жат дыбыстар соған байланысты қолдан жасалған басы артық ереже, емлелер болмас па еді, түбі бір түркілермен мәдени, ғылыми байланысымыз қазіргіден де мықты болар ма еді, бүгінгі күні әріп, дыбыс, таңбалау, оқу, емле, тіліміздің ішкі заңдылықтары бір қалыпқа түсіп, тіліміз біз қазір армандап отырған  халықаралық дәрежеге жетер ме еді? Ана тіліміз сан қилы «кедергі, тосқауылға» тап болса да, түркі тілдері ішінде тазалығын мейлінше сақтаған тіл деп білемін. Ештен кеш жақсы деп жұбанамыз да тағы.
Тәуелсіздік жылдары  латын тілі қарпіне негізделген қазақ жазуын, әліпбиін жасау, сол жазуға көшу туралы мәселе 2012 жылы қозғалды. Тиісті мекемелер, жеке авторлар осы мәселеге қатысты зерттеулер жүргізіп, ертеректе латын әліпбиіне ауысқан туыстас елдердің тәжірибесін саралап, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру, қазақ жазуын реформалау жұмыстарының негіздемесін дайындады. Бұл тегін емес. Баспасөз мәліметтеріне сүйенсек, әлем тілдері ішінде кириллицаны пайдаланатындар 12 пайыз ғана. Бұдан шығатын қорытынды, қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие, оның қолданыс аясы кең, мүмкіндігі мол. Ендігі кезекте 1940 жылы халықтың «тілегімен» қа-     былданған жазу-сызу тарих қойнауына кетпек. Бұл ғылым, білім, техниканың дамуынан, өмір талабынан туындаған қажеттілік. Екіншіден, бүкіл бір ұлттың сақталуымен тығыз байланысты мәселе деп түсінген жөн.
Латын әліпбиіне көшу басы ашық дүние болды. Сең қозғалды десек те болады. Ғалымдар қалай жасағанда тіліміздің нәрін, тазалығын, өзіне ғана тән заңдылығын сақтап қаламыз деген ойда екендігі де бәрімізге аян болса керек ті. Осы тұста латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінің жобасын жасаушы ғалым Ә. Жүнісбектің сұхбатындағы пікірі көңілге қонымды.  Латын әліпбиін реформалау арқылы қазақ  ұрпағына өзінің төл жазуын жеткізсе деген арман әр қазақтың көкейін тесіп отырғаны анық.

Қарлығаш САРБАСОВА,
 І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің академиялық профессоры.

Қатысты жаңалықтар

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15
«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

Бүгін, 12:15
Жасанды интеллект дәуірі: Қазақстан мен NVIDIA жаңа технологиялық белеске қадам басты

Жасанды интеллект дәуірі: Қазақстан мен NVIDIA жаңа технологиялық белеске қадам басты

Бүгін, 11:30
«Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру

«Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру

Бүгін, 11:10

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.