Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28 қаңтар 2026
РУХАНИЯТ
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мұсылман жұрты үшін қасиетті ай – рухани тазару мен ішкі тәрбиеге бастайтын ерекше кезең. Бұл мүбәрак уақыт құлшылықпен қатар, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлермен біте қайнасып, қоғам өмірінде айрықша мәнге ие. Қазақ халқы үшін ораза айы – дін мен дәстүрдің өзара үйлесім тапқан айқын көрінісі.

Ислам діні қазақ даласына енген кезден бастап халықтың тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен сабақтасып дамыды. Ораза ұстау, ауызашар беру, пітір садақа тарату сынды діни амалдар ұлттық болмыспен ұштасып, ел ішіндегі сыйластық пен бауырмалдықты арттырды. Халқымыз бұл парызды жеке адамның ғана міндеті ретінде қабылдамай, ауыл-аймақ болып атқарылатын ортақ рухани іс саналған.

Қасиетті кезеңдегі ауызашар беру – қазақтың қонақжайлық дәстүрінің жарқын үлгісі. «Қонақ келсе – құт» деген ұстаныммен ел ағайын-туысты, көрші-қолаңды дастарқан басына жинап, ауызбіршілікті нығайтқан. Мұндай басқосулар үлкеннің батасын алып, кішінің тәлім алуына жол ашқан тағылымды ортаға айналған.

Сондай-ақ осы айда мұқтаж жандарға қол ұшын созу, садақа беру, жетім-жесірге қамқор болу – халқымыздың ежелгі ізгі дәстүрлерімен үндес құндылықтар. Исламдағы қайырымдылық қағидалары қазақтың «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген өмірлік ұстанымымен сабақтасып жатыр. Жасалған әрбір игі іс қоғамдағы мейірім мен жауапкершілік сезімін күшейтеді.

Ораза айы – сабыр мен өзін-өзі тәрбиелеудің мектебі. Бұл кезеңде адам нәпсісін тыйып, уақытты қадірлеуге, ішкі тәртіпке бейімделеді. Мұндай қасиеттер қазақы тәрбиенің де негізін құрайды. Ата-бабамыз ұрпақты жастайынан төзімділікке, ұстамдылыққа баулып, ар мен ұятты биік қойған. Осы тұрғыдан алғанда, қасиетті ай ұлттық тәрбиемен өзара үндеседі.

Қорытындылай айтқанда, бұл мүбәрак кезең – рухани құндылықтар мен ұлттық болмыстың тоғысқан айрықша уақыты. Ол қоғамды бірлікке, мейірімділікке, өзара құрметке үндеп, рухани тұтастықты нығайтады. Сондықтан ораза айы діни парыздарды орындаумен шектелмей, салт-дәстүрді дәріптеп, адамгершілік қасиеттерді жаңғыртатын тағылымды кезең ретінде бағаланады.

А. Жұмаш
«Жетісу облысының дін істері басқармасы» ММ
«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және
оңалту орталығы» КММ-нің маман-теологы

 

                                                                               

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.