Талдықорған: +29°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

САБАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҮЗІЛІСТЕ ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙЛЕРІ ҚОСЫЛЫП ТҰРАДЫ. ЛИЦЕЙДЕГІ ЖАҢАЛЫҚ

18.11.2021
РУХАНИЯТ
САБАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҮЗІЛІСТЕ ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙЛЕРІ ҚОСЫЛЫП ТҰРАДЫ. ЛИЦЕЙДЕГІ ЖАҢАЛЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші, облысымызда алғаш ІТ білім беру бағытында ашылған оқу ошағының бастауында жаңашыл, ізденіс пен өзгерістен қаймықпайтын, бүгінгі уақыт талабына бейімделе білетін ұстаздар тұрғаны анық. Облыс орталығының жас жеткіншектерін заманауи біліммен қамтыған оқу ошағының ашылғанына да биыл үш жылдан асты. Мектепте беріліп жатқан білім мен тәрбие бағыты туралы жуырда «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін иеленген №28 ІТ мектеп-лицейінің директоры Гүлжанар ЕСПАНОВАМЕН сұхбаттасқан едік.

– Гүлжанар Медеғалиқызы, білім мен тәрбие беруде үлкен салмақ ұстаздарға түсетіні хақ. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі мұғалімге қандай міндеттер артылады?

– Ұстаз болу үшін бірінші кезекте балаға деген шынайы сүйіспеншілік керек. Егер баланы жақсы көрмесе, ондай адамнан жақсы ұстаз шығады деп ойламаймын. Бала деген адамның басты құндылығы. Әрбір ата-ана баласын мектепке бергенде бізге үлкен сенім артады. Осыннан қажетті білім, тәрбие алып шығады деп әкеледі. Сондықтан біз бұл сенім үдесінен шыға білуіміз қажет.

Демек, осы күннің ұстазы заманауи білім беру үрдісіне сай келетін, жаңашыл, бастамашыл, пәндік білімі жоғары, кәсіби әлеуеті мықты педагог болуы шарт. Сонымен қатар, түрлі білім беру платформаларын білетін, цифрлық сауаттылығы жоғары, XXI ғасыр дағдыларын меңгерген маман болуы да маңызды. Себебі бүгінгі ұстаздардың басты міндеті – өскелең ұрпақты жаңа заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға етіп қалыптастыру болып отыр.

– Лицейдің білім беру бағыты мен ерекшелігі неде?

– Мектеп-лицей жаратылыстану-математикалық бағытта тереңдетілген білім береді.  Осы мақсатта алғашында 12 лицей сыныбы ашылса, қазір 15 сынып бар. Болашақта лицей сыныптарын одан әрі көбейту жоспарымызда бар. Лицейдің ерекшелігі болып табылатын ІТ бағытында робототехника, 3D модельдеу, бағдарламалау сабақтары жүргізіледі. Оқытудағы басты басымдық – оқушылардың ІТ құзыреттіліктерін дамыту.

– Лицей ұстаздары да сайдың тасындай іріктелген мықты мамандар болуы шарт шығар?

– Әлбетте, мұғалімдердің біліктілігі аса маңызды. Осы орайда педагогтарды білім мен тәжірибесіне қарай жинақтап, сұхбаттасу, әңгімелесу арқылы жұмысқа қабылдаймыз. Бұл ретте жалындап тұрған жас мамандарды жұмысқа қабылдауды жөн санаймын. Себебі заманауи білім берудің көшін бастап, өзгерістер мен жаңашылдыққа бейім келетін көбінесе талантты жастар екенін тәжірибемде көп байқаймын. Әрине, жас маманға алғашқы уақытта әдістемелік сүйемелдеу, психологиялық қолдау көрсетуді де ұмытпау керек. Ол үшін біздің мектепте “Тәлімгерлік мектеп” жобасы жүйелі жолға қойылған.

Бүгінгі уақыт талабына сай мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуі, ғылыми ізденіске бейім болуы шарт. Шығармашылық топ мүшелері зерттеу бағыттарын анықтап, алғашқы оқу жылынан бастап-ақ ғылыми-әдістемелік жұмысты жүйеге келтірдік. Мұның өзі мектептегі білім сапасының артуына зор ықпал етті.

Сапалы білім беру мектептегі әдістемелік жұмыстың дұрыс жолға қойылуына байланысты. Егер ол дұрыс жолға қойылса, мұғалімдердің кәсіби өсуіне, дұрыс бағыт-бағдар алуына мүмкіндік ашылады. Мұны біз алдыңғы орынға қойып, мұғалімдердің кәсіби тұрғыда өсуіне, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасап отырамыз. Мұнымен қатар сабақты зерттеу ісіне де айрықша мән береміз. Былтыр қашықтан білім берсек те бұл істі сырт қалдырған жоқпыз. Алматы қаласы мен облысымыздағы педагогтардың шеберлігін арттыру орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, оқыту курстарын ұйымдастырып тұрдық. Мұның өзі мұғалімдердің біліктілігі мен шеберліктерінің артып, биік белестерді бағындыруына зор ықпал етті.

– Осы орайда мектеп жетістіктеріне де тоқталып өтсеңіз.

– Ұстаздарымыз әртүрлі байқаулардан жүлделі орын алды. Атап айтар болсақ, былтыр қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Индира Байғожина Республикалық «Үздік педагог» байқауының грант иегері атанды. Биыл «Дарынды балаларға –  талантты ұстаз» облыстық байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдана Ераділова бас жүлдені жеңіп алып, республикаға жолдама алды. Физика пәнінің мұғалімі Назгүл Жайлаубаева облыс әкімінің «Көшбасшы» сыйлығының иегері атанды. Республикалық үздік заманауи сабақтан физика пәнінің мұғалімі Мәдениет Құралбек бірінші орын иеленді. Осындай жетістіктерімізді даралап айта аламыз.

Оқушыларымыздың жетістігі де бір төбе. Былтыр екі оқушымыз «Елбасы медалін» иеленсе, одан бөлек республикалық, облыстық, қалалық білім, ғылым сайыстарында, өнер, спорт бәйгелерінде топ жарып жүрген шәкірттеріміз жетерлік. Лицейімізден алдыңғы оқу жылында 9 «Алтын белгі» иегері, өткен оқу жылында 10 «Алтын белгі» иегері бітірді. Биыл бітірген 43 түлектің бәрі дерлік жоғары оқу орнының грант иегері атанды. Бұл да мектеп жетістігінің бірі деп білемін.

Алдымыздағы бағытымыздың туралығынан болар, мектептің қуаттылығы 1200 орынды болғанымен қазір 2170 оқушы білім алады. Мектеп ашылғанда 1030 бала қабылданған болатын. Лицейде білім алғысы келетін шәкірттер қатары жыл санап өсуде. Биылғы қыркүйек айында бірінші сыныпқа 300 бала қабылданып, 11 сынып ашылды. Бұл да мектептің үш жылдық жұмысының нәтижесі деп ойлаймын.

– Мектепке кіріп келе жатып, қоңыраудың орнына құлақтың құрышын қандырар ұлттық күйіміздің ойнап тұрғанын естіп қуанып қалдық. Бұл да тәрбие жұмысының бір бағыты болар.

– Әлбетте. Заманауи білім бергенімізбен оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу – басты ұстанымымыз. Күй арқылы халқымыздың бойында бар асыл қасиеттерді оқушыларға дарытуды мақсат етіп қоюдамыз. Осы орайда сабақ арасындағы үзілістерде әртүрлі ұлттық күйлерімізді ойнатамыз. Ұлттық мектепте ұлттық құндылықтар бірінші орында тұруы тиіс. Осы бағытта атқарып жатқан шараларымыз да көп.

Республика бойынша жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасына да белсене қатысудамыз. Осы орайда 15 минуттық үзілісте кітап оқу қолға алынған. Әр сыныптың өз кітап бұрышы және фойеде буккроссинг бұрышы бар. Үйде де балалардың ата-аналарымен бірге кітап оқу үрдісін қалыптастыруға көңіл бөлудеміз. Ол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға, әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздеудеміз.

– Соңғы уақытта ұстаз мәртебесін арттыруға айрықша көңіл бөлінуде. Осы тұрғыда биылғы оқу жылының атап айтар жаңалықтарымен де бөлісе кетсеңіз.

– Ұстаздар үшін биылғы қуанышты жаңалық, Ахмет Байтұрсынов атамыз құрастырған әліппеміздің қайта оралуы, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптейтін, ұлттық аспабымыз домбыра үнінің  қоңырауда күмбірлеуі, бастауыш сынып оқушыларының цифрлық құзіреттілігін дамытуға арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінің енгізілуі, сабақтың 40 минуттан бұрынғыдай 45 минутқа ұзартылуы дер едім. Сонымен қатар, жыл сайын педагогтар жалақысы көтерілуде. Мұның өзі әлеуметтік мәртебемізді айқындауда зор көмек. Мемлекеттің ұстаздарға деген шынайы қамқорлығының арқасында білім саласында үлкен өзгерістер орын алып жатыр деп білемін. Бұрынғыдай емес, қазір мұғалімдердің еңселері тік, еңбек етуге деген ынталары да арта түскен. Оқу жүйесінің қағазбастылықтан арылып, электронды жүйеге өтуі де ұстаз жұмысын жеңілдетуде. Алдағы мақсат – оқушыға тек сапалы білім, тағылымды тәрбие беру.

– Биылғы ұстаздар мерекесі сіз үшін  жемісті болды деп білеміз. Еңбегіңіз ақталып, Ыбырай атамыздың төсбелгісін кеудеңізге тақтыңыз. Оның салмағы қандай екен?

– Ұлы педагог «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін иеленуім мен үшін үлкен мәртебе. Бұл  отызжылдық педагогикалық еңбегімнің жемісі деп білемін. Сол еңбегімнің ескеріліп жатқаны мен үшін зор мәртебе, үлкен қуаныш.

Бұл төсбелгінің үлкен салмағы бар. Ыбырай Алтынсарин атамыздың салған сара жолымен жүріп, білім беруде заманауи бағыттар мен технологиялар негізінде ұрпақ тәрбиелеу ұстаздық кәсібімдегі басты мақсатым болып табылады.

Көп мамандықтың ішіндегі білімділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты қажет ететін мамандық – ұстаздық кәсібін қоғамдағы мамандықтың шыңы деп білемін. Сол шыңды бағындыруда ұстаз әрдайым ізденіс үстінде болуы керек. 

Өйткені біздің алдымызда  жас ұрпаққа  жаңаша білім беру, функционалдық сауаттылықты арттыру, яғни, алған білімін өмірде қолдана білу дағдысын дамыту, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу сынды үлкен міндет тұр. Осы міндетті атқаруда талмай еңбектене береміз деп білемін.

– Әңгімеңізге рахмет. Ұстаздар еңбегі, лайым, жана берсін!

Әңгімелескен — Алма ЕСЕНБАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026
Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.