Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«САБАҚТА КИНО КӨРСЕТЕДІ»: КОРЕЯДА ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

21 ақпан 2020
РУХАНИЯТ
"САБАҚТА КИНО КӨРСЕТЕДІ": КОРЕЯДА ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында «Аударма ісі» мамандығы бойынша корей тілін оқып жатқан студенттердің бірімін. Университетіміз бізге академиялық мобильдік жобасы арқылы шетелде білімімізді шыңдап, тереңдетуге мүмкіндік берді. Соны пайдаланған мен үшінші курстың бірінші семестрінде Кореяға оқуға бардым. Бұрындары туған жерден тым алыстап көрмегендіктен алғашында қобалжығанымды жасыра алмаймын. Бірақ та Инчхон қаласының әуежайынан түсе салып, өзіміз осыған дейін тек телехикаялардан тамашалап, тамсанған Кореяға келгенімізді білгенде  көңілдегі алаң тарқап, уайымымыз ұмытылып кетті.

Біз барған оқу орны – Хангук шет тілдер университеті. Білім ордасының екі бірдей студенттер қалашығы бар. Біреуі Сеулде, екіншісі Йонъин деген қалада орналасқан. Біз барған Йонъиндегі қалашықтың аумағы аса үлкен әрі тауда орналасқан.

Мұндағы оқу үрдісі біздікінен мүлдем өзгеше. Сабақ кестесін өзің құрасың. Бұрындары сабақ кестесін құрып көрмегендіктен басында қиналғанымыз рас. Себебі, сабаққа қатыса алатын студенттердің саны шектеулі болады екен. Егер де өзіңе қажет пәнді игере алмасаң, профессорларды іздеп тауып, олардан сабаққа қатысуға рұқсат қағазын алуың керек. Бұл біз кездескен бірінші қиындық болды. Бірақ шетелдік болған соң бізге басқа мұғалімдер көмектесіп, мәселемізді мезгілінде шеше алдық.

Университетте мамандығымыз бойынша бес сабақ оқыдық. Әр сабақ ерекше, бір-біріне ұқсамайды және өзіндік қиындықтары да бар. Әр оқытушының сабақ өткізу тәсілі де әртүрлі. Емтихандар да сабаққа байланысты өзгеше өтеді. Мысалы, кейбір сабақтар ауызша, кейбірі жазбаша болады. Бір қызығы, бағаңды айтпайды. Яғни, барлық бағаны семестр біткен соң ғана ғаламторға салады. «Неге?» деп сұрап едік, «студенттер босқа уайымдамауы үшін» деп жауап берді. Бұл жақсы ма, жаман ба, өзіміз де әлі күнге түсіне алмадық. Корея университеттерінің бір ерекшелігі – көп сабақта кино көрсетеді. Бір семестрде бір сағатты киноға арнайды. Солай үш сабақта кино көріп, одан кейін оны бірге талқылау өте ұнады.

Сабақтарға қарағанда үй тапсырмасы айтарлықтай көп болды. Университеттік сабақтардан басқа таңертеңнен түске дейін тіл дамыту курстары өтті. Соның арқасында корей тілін меңгеру деңгейіміз арта түсті.

Университеттегі шетелдік студенттер үшін жұмыс істейтін “International Student Organization” атты ұйым көп көмектесті. Ай сайын әртүрлі іс-шара ұйымдастырды. Мысалы, Каннын және Гапен деген қалаларға, Кореяның басқа да көрнекті жерлеріне апарды. Қыркүйек айында топқа бөлді. Әр топта екі-үш жергілікті студенттен болды. Олармен жақсы дос болып кеттік.

Төрт ай аз уақыт болғанымен шетелдегі студенттік өмірді көріп, өзіміз үшін мол тәжірибе жинап қайттық. Корей тілін меңгеруіміз барынша жақсарып, сол елдің мәдениетімен, тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алдық. Басқа ортаның, өзгеше талаптың өмірге деген көзқарасыңды кеңейтетініне кепілдік бере аламын. Жаңалықты ешқашан жатсынбаңыздар.

Аружан СЕРІКҚАН,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің 3-курс студенті,

Ақерке АБАҒАН,

ғылыми жетекшісі,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы, PhD

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.