Талдықорған: +29°C
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Сәлеммен басталған сыйластық

30.08.2026
РУХАНИЯТ
Сәлеммен басталған сыйластық
WhatsAppTelegramFacebook

«Байырғы дәстүрлі құндылықтарымызға оралу қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ амандасу әдебіне қатысты бұл сөзі қоғамда түрлі пікір туғызды. Президент ер адамдардың бір-бірімен құшақтасып, сүйісіп амандасуы қазақтың дәстүрлі әдетіне тән емес екенін айтып, ұлттық амандасу мәдениетіне қайта мән беруге шақырды. 

Бұл пікірді амандасудың белгілі бір түріне қойылған талап ретінде ғана қабылдау жеткіліксіз. Өйткені сәлемдесу – ұлттың күнделікті мәдениетін танытатын қарапайым болғанымен, мәні терең әдет. Қазақтың дәстүрлі қоғамында сәлемнің орны ерекше болған. Үлкенге сәлем беру – әдеп, жасы үлкенді сыйлау – парыз, келген адаммен амандасу – қалыпты мәдениет. «Сәлем – сөздің анасы» деген ұғымның өзі осыдан туындаса керек.

Сәлемдесу арқылы адам қарсы алдындағы жанға құрметін білдіреді. Ал сәлемге жауап беру – сол ізетті қабылдау. Демек, сәлем – екі адамның арасындағы бірнеше секундтық әрекет қана емес, адамнан адамға берілетін сыйластықтың белгісі.

Бүгінде қоғам өзгерді. Қарым-қатынас еркіндеді. Жаһандану түрлі мәдениеттерді жақындастырды. Бұл – заңды құбылыс. Алайда сырттан келген мәдени ықпал ұлттық әдептің орнын түгел баспауы керек. Өйткені жаңару, тамырдан ажырау деген сөз емес. Біз әлемге ашық бола отырып, өзімізге тән әдеп пен мәдениетті де сақтай аламыз. Мәселе құшақтасып немесе қол алысып амандасуда ғана емес. Ең маңыздысы – адамның қоғамдық ортада өзін қалай ұстайтыны. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, өзгенің шекарасын құрметтеу, орынсыз әрекеттен тартыну – мәдениеттіліктің негізгі белгілері. Сондықтан амандасу әдебіне қатысты пікірталасты «дұрыс» немесе «бұрыс» деген екі ұғымның аясында ғана қарастыру орынсыз. Бұл мәселе бізді «Қандай мәдениетті қоғам болғымыз келеді?» деген маңызды сұраққа жетелейді.

Ұлттық дәстүрдің құндылығы оның сыртқы формасында ғана емес, адамды тәрбиелейтін мазмұнында. Егер сәлемдесу үлкенге құрметті, кішіге ізетті, жалпы адамға деген сыйластықты қалыптастырса, оның қоғам үшін маңызы да осында. Ал мұндай мәдениет ең алдымен отбасынан басталады. Балаға «үлкенге сәлем бер» деп үйретуден бұрын оның үлкендердің өзара қалай амандасатынын көргені маңызды. Себебі ұрпақ тәрбиесінде талаптан гөрі үлгі әлдеқайда әсерлі. Президенттің сөзі осыны тағы бір еске салғандай.

Біз дәстүр туралы қаншалықты жиі айтамыз? Ал оны күнделікті өмірімізде қаншалықты көрсетіп жүрміз? Өйткені ұлттық болмыс ұранмен емес, мінезбен танылады. Сол мінездің қарапайым көріністерінің бірі – сәлемдесу. Бір ауыз «Амансыз ба?» деген сөздің өзінде адамға деген назар, құрмет пен жылылық бар. Ендеше, амандасу әдебі туралы әңгіме – ұсақ мәселе емес. Ол біздің өзара қарым-қатынасымызға, тәрбиемізге, ұлттық мінезімізге бір сәт үңілуге мүмкіндік береді. Сәлемге құрметпен қараған қоғам– адамға да құрметпен қарайды.

Аяжан ДӘУЛЕТЖАН

 

Қатысты жаңалықтар

Сәлеммен басталған сыйластық

Сәлеммен басталған сыйластық

30.08.2026
Жастарға үміт артамыз, мүмкіндік береміз бе?

Жастарға үміт артамыз, мүмкіндік береміз бе?

30.08.2026
Ұлты – поляк, тілі – қазақ

Ұлты – поляк, тілі – қазақ

29.08.2026
Отабек Ирисматов: қазаққа қызмет етпей қоймаймын

Отабек Ирисматов: қазаққа қызмет етпей қоймаймын

29.08.2026
«Таза жағалау» акциясы: 36 мың адам қатысып, 1,5 мың тонна қалдық жиналды

«Таза жағалау» акциясы: 36 мың адам қатысып, 1,5 мың тонна қалдық жиналды

29.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.