Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Санитарлық тазалық — саулық кепілі

12 наурыз 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Амандық Баталовтың ағымдағы жылғы 1 наурыздағы №87 қаулысына орай өңіріміздегі санитарлық тазалау жұмыстары басталып кетті. Осыған орай облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжановтың төрағалығымен селекторлық жиын өтті. Аталмыш жиынға штаб мүшелері, қала, аудан әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде елді мекендерді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру, көктемгі, күзгі санитарлық тазалық айлықтарын өткізу мәселесі қаралды. Тақырып төңірегінде алғашқы сөз алған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әсет Қанағатов санитарлық тазалау жұмыстарының былтырғы қорытындысы жайлы айтып өтті. Өткен жылғы санитарлық тазарту бойынша орын алған олқылықтар жайлы айтқан Әсет Серікұлы биыл ол қателікті жібермеу керектігін жеткізді. Сондай-ақ ағымдағы жылы орын алған Жамбыл, Талғар және Қарасай аудандарында тұрғын үйлерді су алу төтенше жағдайынан сабақ алу керектігін де тілге тиек етті.  Биыл арық жүйелерін қайта құруға және салуға 856 млн. теңге сұралып, оның 430 млн. теңгесі бөлінгендігін жеткізді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Алматы аумағындағы елді мекендерді үнемі назарда ұстап отыру керектігі де айтылды.
Былтыр санитарлық тазалық жұмыстары сапалы атқарылған Қарасай, Балқаш, Ескелді, Жамбыл және Райымбек аудандарын айрықша атап өтті.  Бұл өңірлерде жасыл желектерді қию және бояу, көшелер мен арық жүйелерін тазалау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілген. Алайда Ақсу, Іле, Талғар, Ұйғыр аудандары және Талдықорған қаласы тазалық бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен. Аталған елді мекендердің орталықтары таза болғанмен арық жүйелері қоқысқа толып, тұрмыстық қатты қалдықтар жинау контейнерлері шығарылмаған.  
Келесі болып сөз алған  облыстық экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов қоқыс қалдықтарын жинақтайтын полигондардың жағдайын жеткізді. Көп өңірлерде полигондардың жағдайы тым нашар. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау,  өңдеу, қайта өңдеу мәселелері тіпті сын көтермейді. Департамент басшысының сөзіне сү-   йенсек, көптеген полигондардың қоршауы жоқ, суы мен электр жарығы тартылмаған. Кейбірінің  мал жайылымына, қаңғыбас иттердің жиналатын жеріне айналғандығы түптеп келгенде жұқпалы аурулардың  таралуына, ауаның ластануына әкелетінін айтып өтті. 
Жиын соңында Қарасай, Іле аудандарының әкімдері санитарлық тазарту жұмыстарының жоспарын таныстырып өтіп, көгалдандыру мәселелерін тілге тиек етті. Жиын қорытындысында санитарлық тазалықты тек екі айда ғана емес, жыл бойы тұрақты түрде жүргізу жайы қарастырылып, облыстық штаб құрамы мен іс-шаралар жүйесі бекітілгендігі сөз болды.

Құралбек  СӘБИТОВ

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.