Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

САРҚАНДЫҚ ШАРУАЛАР БИЫЛ 3315 ГЕКТАРҒА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН СЕППЕК

28 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
САРҚАНДЫҚ ШАРУАЛАР БИЫЛ 3315 ГЕКТАРҒА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН СЕППЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет қолдауының арқасында жыл сайын егіс алқаптарының көлемі ұлғайтылып, ауылшаруашылығы техникаларымен қамту деңгейі артып келеді. Бұл өңірдің дамуына, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етуде. Мәселен, өткен жылы Сарқан ауданында 1 млрд.220 млн.теңгеге егіс жұмыстарына арналған заманға сай техникалар сатып алынған. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Сарқан аудандық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, техниканың 37 данасы «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы, бесеуі басқа лизингтік компаниялар арқылы алынса, қалғанын шаруашылықтар өз қаражаты есебінен сатып алған. Атап айтсақ, комбайн, трактор, тұқым сепкіш, шөп жинайтын, жүк тиейтін, жүгері оратын тіркемелер, тұқым тазалағыш, дәрілегіш техникалар аграрлық сала мамандарының игілігіне пайдаланылуда.

– 2008 жылы шаруа қожалығын жалғыз трактормен және 7 жұмысшымен бастаған едім. Әрине, бастапқы кезде өте қиын болғанын жасырмаймын. Жерді игеру, жырту, себу, өнімді жинау барысында техника тапшылығы қатты білінетін. Табанды еңбектің және мемлекеттен жасалатын жеңілдік пен қолдаулардың арқасында бүгінгі күні шаруашылықта 100-ден астам әртүрлі ауылшаруашылық техникалары бар, 70-тен аса адам еңбек етеді. Маусымдық кезеңде жұмысшылардың саны бұдан да артады. Көбіне арпа, бидай, жүгері, соя бұршағы және қант қызылшасын себеміз. Мемлекет тарапынан қолдау болғандықтан аграрлық салада алға жылжып келеміз. Өткен жылдың өзінде әр мал басына және сатып алған техникамның жарты бағасына субсидия төленіп, қаражат жағынан көп жеңілдіктер берілді, – дейді «Хусайнов Х.Н» шаруа қожалығының басшысы Хасанәлі Хусайнов.

Жыл басынан бері Сарқан ауданы 209,2 млн.теңгеге 16 дана әртүрлі ауылшарушылық техникасын сатып алып үлгерген. Жалпы облыста 7 бағыт бойынша 51 сервистік дайындау орталығы құрылып, «Жетісу» ӘКК арқылы сатып алынған 1204 дана техника жеңілдетілген шарттармен қаржылық лизингіге берілді. Бұл ретте облысымыз СДО-лар табысты жұмыс істеп жатқан өңірлердің бірі.

Сарқан аймағында егістікті сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін ұзындығы 21,7 км болатын Тәуке каналының 10,5 км, Ащылы – Өзек каналының 10,87 км күрделі жөндеуден өтпек. Жөндеу жұмыстарына 888,7 млн.теңге қаражат қарастырылып, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы тарапынан конкурс жарияланды.

Сарқан аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Өмірсадықтың айтуынша, биылғы жылы егіс алқабының көлемі 97 641 гектарды құрап отыр.

– Жыл сайын қант қызылшасы алқабының көлемі де артып келеді. Осы жылы аудан бойынша 3315 гектар қызылша себіледі деп жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні көктемгі дала жұмыстарына өңір шаруалары толық дайын. Ауылшаруашылығы техникаларының 93% жұмыс бастауға сақадай-сай. Дала жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін жеңілдетілген жағар-жанармайдың әр литрін 168 теңгеден алдық, – дейді Ж.Өмірсадық.

Жалпы, Алматы облысында биылғы жылы ауылшаруашылығы дақылдарының алқабы 2,0 мың гектарға ұлғайып, 970,5 мың гектарға жетті. Көктемгі егіс жұмыстары биыл 10 наурызда басталды. Қазірге дейін 3,7 мың гектар жер жыртылды, 0,6 мың гектар жерге дәнді дақылдар себілді. Сол сияқты, осы жылы Жетісу өңіріндегі алқаптардың ылғал сақтау технологиясымен қамтылу деңгейін 150,6 мың гектарға жеткізу жоспарланған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.