Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

СЕНАТОР ЖҰМАҒҰЛОВ ҚАПАЛ АУЫЛЫН САҚТАП ҚАЛУ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

26 қараша 2020
РУХАНИЯТ
СЕНАТОР ЖҰМАҒҰЛОВ ҚАПАЛ АУЫЛЫН САҚТАП ҚАЛУ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Сенатор Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ Үкімет басшысының атына Қапал ауылының қазіргі жағдайына қатысты депутаттық сауал жолдады.

Онда Жетісу жерінде, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы тереңнен тамыр тартатын Қапал ауылының бүгінгі жай-күйіне қатысты мәселе көтерілген.

Бақытжан Жұмағұлов Қапалдың іргесі бекініс ретінде 1847 жылы қаланғанымен, шежіресі сонау Түркі дәуіріне, Қимақ мемлекетіне барып тірелетінін айтты.

Сенатор аталған деректерді тізбектей келе, Қазақстанның қасиетті жерлерінің картасы дайындалып жатқан қазіргі кезде осындай сан ғасырлық тарихы бар орындар ескерусіз қалмаса екен деген ұсынысын айтты.

— Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласынан кейін республика бойынша қасиетті орындар іріктеліп жатыр. Бұл тарихымызды тануға, туған өлкеміздің ғажайып жерлерін айқындауға мүмкіндік береді, – деді Бақытжан Жұмағұлов. Сонымен қатар, сенатор бекініс ретінде салына бастаған кезеңде, яғни, осыдан екі ғасыр бұрын тұрғызылған нысандарды сақтап қалу мәселесіне де назар аударды.

— XIX ғасырдың ескерткіші болып саналатын үйлердің бет жағы ғана сақталыпты. Ескі екі мешіт үйі қараусыз қалып, құлаған. Ауылдың рухани орталығы болған ақын Сара мен Фатима Ғабитова музейлерінің ізі де жоқ. Ондағы құнды экспонаттар қайда? – деген Бақытжан Жұмағұлов бұл жергілікті халықтың жанайқайы екенін айтты.

Осыған орай, сенатор Премьер-Министрден сәулетшілер, тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтардан тұратын арнайы комиссия құруды, Қапал ауылының мәдени-тарихи ескерткіштерін қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауды және оларды Үкімет қорғауындағы санаттар қатарына қосуды сұрады.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.